Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасына өзгерістер енгізілді

Жарияланған күні:

Баспана
Баспана. Көрнекі фото: pixabay.com

"7-20-25" ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіту туралы" қаулыға өзгерістер енгізілді. Бұл туралы Ұлттық банк ресми сайтында хабарлады.

Ұлттыұ банк ақпаратынша, 2025 жылы бағдарламаны қаржыландырудың жылдық көлемі 100 млрд теңгеге дейін белгіленеді.

Одан бөлек, бағдарлама бойынша алынған қарыздың негізгі борышы мен сыйақысы бойынша мерзімді әскери қызметті өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін 60 күн кіретін кезеңге мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін төлем мерзімін кейінге қалдыру енгізіледі.

1 қаңтардан бастап әрбір отбасы мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем жатақханалардағы бөлмелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апат жағдайында деп танылған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 18 ай ішінде қарыз алушының (және жұбайының/зайыбының) меншік құқығында тұрғын үйінің болмауы туралы талапты енгізу көзделеді.

"Бұл нормалар халықты, әсіресе, баспанаға мұқтаж азаматтарды мейілінше көбірек қамту мақсатында, сондай-ақ мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін банктік қарыз шарттары бойынша негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыруды көздейтін заңнамадағы өзгерістерге сәйкес енгізіледі", - делінген хабарда.

Бүл ретте бағдарлама аясында берілетін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының параметрлері (бастапқы жарнаның ең төменгі мөлшері, қарыздың ең жоғары сомасы, сыйақы мөлшерлемесі, қарыз мерзімі, өңірлер бөлінісінде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны және т.б.) өзгеріссіз қалады.

31 қазандағы жағдай бойынша, бағдарлама аясында 1 059,6 млрд теңгеге жеңілдетілген 76 753 қарыз берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2185076-7-20-25-ipotekalyq-bagdarlamasyna-ozgerister-engizildi/