Ұлттық банк ескі 5 мың теңгелік банкноттарға қатысты мәлімдеме жасады (фото)
Жарияланған күні:
Қазақстан Ұлттық Банкі 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңге және 2023 жылғы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыс кезеңін ұзарту туралы мәлімдеді. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайты хабарлайды.
"2011 жылғы үлгідегі номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың (бұдан әрі – ескі үлгідегі банкноталар) және 2023 жылғы үлгідегі өзгертілген дизайндағы номиналы 5 000 теңгелік банкноталардың (бұдан әрі – жаңа үлгідегі банкноталар) айналымда қатар жүру кезеңі 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін ұзартылғанын хабарлайды.
Айналымда қатар жүру кезеңі аяқталғаннан кейін, яғни 2025 жылғы 25 қыркүйектен бастап барлық банк пен Қазпоштада 3 жыл ішінде, ал ҚҰБ филиалдары ескі үлгідегі банкноталарды жаңа үлгідегі банкноталарға мерзімсіз айырбастайды", - делінген хабарламада.
Жаңа және ескі үлгідегі банкноттардың қатар айналымы кезеңінде заңды төлем құралы болып табылатыны және олар бүкіл ел бойынша қабылдануға міндетті екені атап өтілді.
Сондай-ақ заңды төлем құралы болып табылатын банкноттар мен монеталарды қабылдаудан бас тарту Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық екенін еске салды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2185880-ulttyq-bank-eski-5-myng-tenggelik-banknottarga-qatysty-malimdeme-zhasady-foto/