Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда алтын бағасы күрт төмендеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алтын құймалар
Алтын құймалар. Көрнекі фото: pixabay.com

Алтын бағасының рекордтық өсімі тоқтады. Тәулік ішінде Қазақстанда бір грамм алтын металдың ресми бағасы 1000 теңгеге арзандады. Құнды металдың неге арзандап жатқанын KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

2024 жылы алтын бағасы бірнеше рет өсті. Ұлттық банк мәліметі бойынша, осы кезеңдердегі ең жоғарғы баға 31 қазанда тіркелді. 1 грамм алтын 43 719,24 теңгеге жеткен еді.

Алайда қарқынды өсуден кейін бүгін бірден күрт төмендеді. 13 қарашадағы жағдай бойынша алтынның бір граммы қазірдің өзінде 41 226,64 теңгені құрап отыр. Бір күн ішінде бағалы металдың бағасы 1 072,38 теңгеге арзандады.

Бағаның құлдырауы Дональд Трамп АҚШ-тағы президенттік сайлауда жеңіске жеткеннен кейін басталды.

Investopedia мәліметінше, бұл облигациялардың кірісі мен доллардың өсуіне әкелді. Осының аясында алтын инвесторлар арасында тартымдылығын жоғалта бастады.

Айта кетейік, Трамптың жеңісі биткоин бағасының және кейбір компаниялардың акцияларының күрт өсуіне әкелді.

Одан бөлек, Tesla иесі Илон Маск пен Amazon негізін қалаушы Джефф Безос сияқты әлемдегі ең бай адамдар сайлаудан кейінгі күні миллиардтаған долларға байыған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2186922-qazaqstanda-altyn-bagasy-kurt-tomendedi/