Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар цифрлық алтын монеталарды сатып ала алады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Алтын монеталар
Алтын монеталар. Фото: pixabay.com

Қазақстанда цифрлық инвестициялық монета енгізіліп жатыр. Виртуалды алтынды кез келген уақытта онлайн сатып алуға немесе сатуға болады. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалынан оқи аласыз.

Қазақстандықтар үшін инвестицияның бірнеше жолы бар: банкте депозит ашу, компания акцияларын сатып алу немесе алтын құймалары мен инвестициялық монеталарды сатып алу.

Қазақстан Ұлттық банкі ұлттық валюта – теңге күнінің құрметіне орай 2025 жылдың I тоқсанында жаңа "Цифрлық инвестициялық монета" жобасын іске қосу жоспары бар екенін хабарлайды.

Алтын инвестициялық монеталарды кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен online сатып алуға және сатуға болады.

Цифрлық баламадағы инвестициялық монетаның құны LBMA (Лондон бағалы металдар нарығына қатысушылардың қауымдастығы) белгілеген алтынның салмағы мен бағасына сай және Ұлттық Банк белгілеген АҚШ долларының теңгеге шаққандағы айырбас бағамы негізінде теңгемен есептелетін болады.

Монеталар Astana International Exchange (AIX) биржасының "TABYS" мобильді қосымшасы арқылы сатылады.

"Цифрлық инвестициялық монета жобасы аясында монеталарды сатып алуға, Ұлттық Банкке кері сатуға, сыйлауға, сондай-ақ олардың жеткілікті саны жинақталған кезде Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарында заттай алтын инвестициялық монетаға айырбастауға болады.

Осы жоба үшін арнайы жаңа ÚKI инвестициялық монетасының эксклюзивті дизайны әзірленіп отыр. Оның салмағы 31,1 грамм, номиналы 100 теңге, алтын сынамасы – Аu 999,9.

Цифрлық инвестициялық монеталардың үлгісі
Цифрлық инвестициялық монеталардың үлгісі. Фото: Ұлттық банк

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2187968-qazaqstandyqtar-tsifrlyq-altyn-monetalardy-satyp-ala-alady/