Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылықтардың орташа айлық жалақысы 468 мың теңгеге жеткен

Жарияланған күні:

Ақша салынған әмин
Ақша салынған әмиян ұстаған ер адамның қолы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы қаласының экономика басқармасы шаһар тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бойынша атқарылып жатқан шаралар жайында хабарлады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ведомство мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың қыркүйегінде жылдық инфляция деңгейі тамыз айындағы 8,6 пайыздан 8,3 пайызға дейін төмендеген.

"Бұл азық-түлік тауарлары бағасы өсімінің 7,7 пайызға және азық-түлікке жатпайтын тауарлардың 5,6 пайызға дейін баяулауына байланысты, 2024 жылдың соңына қарай жылдық инфляция 7,5-8 пайызға дейін, 2025 жылы одан әрі 6,5-7 пайызға дейін баяулайды деп болжанып отыр", - деп түсіндіреді басқарма өкілдері.

Алматы тұрғындарының табыстары да өсуде. 2024 жылдың алғашқы жартыжылдығында алматылықтардың атаулы ақшалай табысы 22 пайызға артып, 292 мың теңгеге жеткен. Ал нақты табыс 11,6 пайызға ұлғайған. Орташа айлық жалақы 15,5 пайызға көтеріліп, 468 мың теңгеге дейін өскен. 2024 жылдың 9 айында 50,5 мың жұмыс орны құрылды, оның 77,9 пайызы тұрақты.

Инвестициялық белсенділікке келер болсақ, оңтүстік астанаға 9 айдың ішінде 1,1 трлн теңгеден астам инвестиция тартылды – өткен жылмен салыстырғанда 8,1 пайызға артық. 2025 жылы инвестиция көлемі 2,35 трлн теңгеге дейін өседі деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2189924-almatylyqtardyng-ortasha-ailyq-zhalaqysy-468-myng-tenggege-zhetken/