Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Теңге – тұрақты валюта": экономика экс-министрі доллар бағамының күрт өсуіне қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

Әлібек Қуантыров
Әлібек Қуантыров. Фото: primeminister.kz

Мәжіліс кулуарында бұрынғы ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров доллардың 500 теңгеге дейін көтерілгеніне байланысты пікірін білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұрынғы ұлттық экономика министрі, қазіргі сыртқы істер вице-министрі Әлібек Қуантыровқа "Доллар бағамы ұзақ уақытқа нығайды ма?" деген сұрақ қойылды.

"Бұл жағдай уақытша деп ойлаймын. Бұрын бір доллар 600 теңге болады деп болжанған, олай болған жоқ. Теңге – тұрақты валюта. Эмоцияға ерік бемейік және бәріміз Қазақстанның игілігі үшін жұмыс істейік", - деп қысқа қайырды Қуантыров.

Еске салсақ, демалыс күндерінен кейін Қазақстандағы америкалық валютаның бағамы қайта көтеріліп, елдегі ақша айырбастау орындары бір АҚШ доллары үшін 500 теңге сұрап жатыр.

Ал Қазақстандық экономист Сәбит Рысбаевтың айтуынша, теңге девальвацияға ұшырап, оның бағамы 1000 теңгеге дейін жетуі әбден мүмкін деген болжам жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2189949-tengge-turaqty-valiuta-ekonomika-eks-ministri-dollar-bagamynyng-kurt-osuine-qatysty-pikir-bildirdi/