Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар сәл арзандады

Жарияланған күні:

Доллар және теңге
Доллар және теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елімізде доллар аздап арзандады. Ақша айырбастау орындарында америкалық валюта сәл арзан бағамен саудаланып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сонымен, сәрсенбі, 20 қараша күні сағат 11.00-дегі жағдай бойынша Kurs.kz порталының мәліметіне сәйкес, Астанадағы айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 499-500 теңгеге сатып алып, 494-495 теңгеге сатуға болады.

Алматыда валюта айырбастау орындарында долларды 494-496,6 теңгеге сатып, орташа есеппен 496-499 теңгеге сатуға болады.

Шымкентте айырбастау пункттері долларды 496,8-498 теңгеден сатып, 495-496 теңгеге сатып алып жатыр.

KAZ.NUR.KZ бетіндегі мәліметтерге сәйкес, 20 қараша таңертең қазақстандық екінші деңгейлі банктерде долларды сатып алу және сату мына бағам бойынша жүргізіліп жатыр:

  • Астанада: сатып алу – 492 теңге, сату – 497-498 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 492-495,7 теңге, сату – 497,5-498 теңге.

Бұл ретте Қазақстан қор биржасының ресми сайты кешегі кешкі сауда бір доллар үшін 497,18 теңгемен аяқталғанын хабарлады. Ал бір айда америкалық валюта 15,43 тармаққа өсті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2189991-qazaqstanda-dollar-sal-arzandady/