Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда байлар санатына қосылу үшін қанша ақша табу керек: министр жауап берді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Бай адам
Бай адам. Көрнекі сурет: Getty images / Ali CAN

Бүгін сенат кулуарында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров "Қазақстанда кімді бай деп санауға болады?" деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшіс хабарлайды.

Журналистер қазақстандық өзін бай санатына жатқызу үшін қанша табыс табуы керек деген сұрақ қойды.

"Ел бойынша орташа жалақы туралы мәліметтер бар. Қай жерде жақсы табыс табуға болатынын да жарияланады. Жалақы тұрғысынан бұл мұнай-газ, қаржы саласында. Кәсіпкерлікпен айналысатындар жөнінде ештеңе айта алмаймын. Бізде ең төменгі күнкөріс деңгейі бар, осы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен тұратын санаттағы адамдарға көмек көрсетіледі. Бай санатына кіру әр адамға байланысты. Қазақстандағы орташа жалақыдан жоғары жалақы алу керек (бай санатына кіру үшін – ред. ескертпесі)", - деді Байбазаров.

Сонымен қатар ол мемлекеттің міндеті көмекке мұқтаж топтарға көмектесу және жұмыспен қамту шараларын қолға алу екенін айтты.

"Тағы да қайталап айтамын: ең төменгі әлеуметтік стандарттар бар. Ең төменгі жалақы – 85 мың теңге. Адам көбірек жұмыс істеуге талпынуы керек. Сол кезде көп табыс табуға мүмкіндігі болады", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2190797-qazaqstanda-bailar-sanatyna-qosylu-ushin-qansha-aqsha-tabu-kerek-ministr-zhauap-berdi/