Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экономика министрі Қазақстанның мемлекеттік қарызы туралы пікір білдірді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Нұрлан Байбазаров
Нұрлан Байбазаров. Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров сенат кулуарында журналистердің мемлекеттік қарызға қатысты қойған сұрақтарына жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Вице-премьер Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк, халықаралық рейтингтік агенттіктер жыл сайын Қазақстанның экономикалық даму деңгейін, қаржылық тұрақтылық деңгейін бағалайтынын және мемлекеттік қарыз көлемінің тұрақты төмен екеніе атап өтетінін жеткізді.

"Халықаралық кредиттік рейтингтерде соңғы өзгерістер біздің еліміздің бюджеттік және қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Бізде Ұлттық қор түріндегі айтарлықтай валюта қорлары, алтын-валюта резервтері бар, оның көлемі қазірдің өзінде 100 миллиард доллардан асты және бұл инвестицияны белсенді тартуға мүмкіндік беретін қаржылық "қауіпсіздік жастығы".

Біз Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасын қабылдадық. Онда шектеулер жазылған – мемлекеттік қарыз, жалпы алғанда, елдің жалпы ішкі өнімінің 32 пайызынан аспауы керек. Қазір бұл көрсеткіш шамамен 23 пайыз болып отыр, яғни біз мемлекеттік қарыздың көлемі бойынша қауіпсіз деңгейдеміз", - дейді ол.

Сондай-ақ Нұрлан Байбазаров бұл қарызды инвестиция ретінде қарастыру керектігін, соның арқасында Қазақстан экономикасын дамытуға мүмкіндік беретін активтер пайда болып жатқанын атап өтті.

"Біз жолдар салып, инфрақұрылымға инвестиция салып, жаңа өндіріс орындарын іске қосып жатырмыз, бұл еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін одан әрі экономикалық дамуға берік негіз болады", - деді премьер-министрдің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2191053-ekonomika-ministri-qazaqstannyng-memlekettik-qaryzy-turaly-pikir-bildirdi/