Ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 505 теңгеге жетті
Жарияланған күні:
Дүйсенбі, 25 қарашада Қазақстанның валюта айырбастау пункттерінде бір доллардың бағасы 505 теңгеге жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kurs.kz порталында берілген деректерге сілтеме жасап хабарлайды.
Порталдың 25 қараша күні сағат 11:00-дегі мәліметі бойынша, елордадағы айырбастау орындарында долларды орташа есеппен 497 теңгеден сатып, 502-503 теңгеге сатып алуға болады.
Алматыда долларды орташа есеппен 499-505 теңгеден сатып алып, 497,5-499,5 теңгеден сатуға болады.
Ал Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2024 жылғы 25 қараша күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 498.34 (+0.00), еуроға шаққандағы бағамы – 519.72 (+0.00) және рубльге шаққандағы бағамы – 4.85 (+0.00).
Алматыдағы доллар бағамы
Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар:
- CenterCredit – 496.00 / 502.00
- Som Exchange – 500.00 / 502.00
- МиГ – 500.50 / 502.50
- Halyk Bank – 496.15 / 501.65
Астанадағы доллар бағамы
Әртүрлі банк пен ақша айырбастау орнындағы бағамдар:
- Halyk Bank – 496.15 / 501.65
- CenterCredit – 496.00 / 502.00
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2191902-aqsha-aiyrbastau-oryndarynda-dollar-bagamy-505-tenggege-zhetti/