Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда Home Credit Bank-тің жаңа бөлімшесі ашылды

Жарияланған күні:

Павлодарда Home Credit Bank-тің жаңа бөлімшесі ашылды
Фото: Home Credit Bank

Home Credit Bank клиенттерге сапалы қызмет көрсету үшін филиалдық желісін біртіндеп арттырып жатыр. Енді Home Credit Bank-тің Павлодар облысындағы қызмет көрсету орындарының саны онға жетті. Өңірдегі клиенттер базасы 20 000 адамнан асқан және ай сайын бұл көрсеткіш артып келеді.

Жаңа бөлімшенің ашылуы банктің әр қазақстандық үшін өз қызметін қолжетімді етуге ұмтылысын айқындайды. Облыс тұрғындары Home Credit Bank кеңселерінің ішінен өзіне анағұрлым ыңғайлысын таңдай алады: мұнда бес бөлімше және дәл осынша шағын кеңселер бар.

Павлодарда Home Credit Bank-тің жаңа бөлімшесі ашылды
Кирил Бачваров. Фото: Home Credit Bank

"Павлодар облысында алғашқы кеңсе ашылғаннан бастап біздің банк өзін сенімді қаржы серіктесі ретінде көрсете алды: белсенді клиенттер базасы 23 000 адамнан тұрады, ал ай сайын облыстағы Home Credit Bank кеңселеріне 100 жаңа клиент жүгінеді. Бұл дегеніңіз біздің өнімдер мен қызметтерге деген сұраныс та, сенім де артқан деген сөз – Павлодар облысы тұрғындарының біздің банктегі жинақтары көлемі 5 млрд теңгеге жуықтайды.

Сонымен бірге біз "Евромебель", "МЕГА мебель", "12 месяцев", "Аквилон", "Sulpak", "Технодом", "Мечта", "Белый Ветер" сынды компаниялармен де сәтті серіктестік құра алдық. Біздің кеңселерде несиелік, карталық және ШОБ өнімдерін алуға болады. Сондықтан клиенттерге сапалы әрі жайлы қызмет көрсету үшін барлық қажеттімен жабдықталған жаңа бөлімше жаңа және қазіргі клиенттеріміздің көңілінен шығады деп сенемін", - деп атап өтті Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Жаңа бөлімше Павлодар қаласы, Академик Сәтбаев көшесі, 11-үй мекен жайында орналасқан. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар клиенттерге барлық жағдай жасалған, ыңғайлы автотұрақ бар. Одан бөлек бөлімшеде өзін-өзі басқару аймағы тәулік бойы жұмыс істейді, онда жеке және заңды тұлғалар орнатылған терминал мен ресайклердің көмегімен қолма-қол ақша операцияларын іске асыра алады.

Сонымен қоса бөлімшеде VIP-кабинет жасақталған, мұнда дербес және премиалды қызметтерді бағалайтын PRIME сегментіндегі клиенттер қызмет ала алады.

Павлодарда Home Credit Bank-тің жаңа бөлімшесі ашылды
Фото: Home Credit Bank

Жаңа бөлімше жұмыс күндері сағат 09:00-18:00 аралығында, ал сенбі күні сағат 10:00-14:00 аралығында жұмыс істейді. Жексенбі демалыс болып саналады.

Home Credit Bank жеке тұлғаларға ыңғайлы несиелер рәсімдеу, көлемді кэшбектері бар дебеттік карталар ашу, төлемдер мен аударымдар жасау, жылдық тиімді ставка мөлшері 17,6%-ға дейінгі ЖТСМ болатын депозиттер ұсынады. Оған қоса банктің ең ыңғайлы OZEN бөліп төлеу картасы бар, ол арқылы әлем бойынша және интернет-дүкендерде тауарлар мен қызметтерді артық төлемсіз және серіктестік желіге тәуелді етпей бөліп төлеуге (0-0-6) болады. Бұл қызметтер жаңа бөлімшеде және Павлодар облысындағы өзге де кеңселерінде, сондай-ақ Home.kz қосымшасында қолжетімді.

Павлодарда Home Credit Bank-тің жаңа бөлімшесі ашылды
Фото: Home Credit Bank

Филиалдық желіні дамыту банктің қоғамға пайдалы болуға дайын және орналасқан жеріне қарамастан клиенттерге жақын екенін білдіретін «Көмек беруге ризамыз» тұжырымдамасын айқындайды. Сондықтан Home Credit Bank 2024 жылдың басынан Қызылорда мен Шымкентте филиалын ашып, Қызылорда, Тараз, Астана және Ақтөбеден жаңа бөлімшелерін ашты. Барлығы республика бойынша банктің 200 бөлімшесі мен шағын кеңсесі бар.

1 қарашадағы жағдай бойынша Home Credit Bank активтері 1 трлн теңгеден асып, 2024 жылғы тоғыз айда 200 млрд теңгеге дейін артты. Осы уақыт ішінде банктің қарыз портфелі 142 млрд теңгеге артты, яғни 756 млрд теңгеге дейін жетті. 2024 жылғы қазан айының қорытындысы бойынша клиенттер (жеке және заңды тұлғалар) салымдарының көлемі 514,7 млрд теңгеге тең болды, бұл жыл басымен салыстырғанда 148,7 млрд теңгеге артық.

Павлодарда Home Credit Bank-тің жаңа бөлімшесі ашылды
Фото: Home Credit Bank

Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 17.08.2022 жылғы №1.2.36/40 лицензия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2192232-pavlodarda-home-credit-bank-ting-zhanga-bolimshesi-ashyldy/