Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Келер жылдан бастап балалы отбасыларға төленетін барлық жәрдемақы мөлшері 6,5 пайызға индекстеледі

Жарияланған күні:

қағаз ақша және тиындар
Теңге. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2025 жылдың басынан бастап балалы отбасыларға төленетін барлық жәрдемақы мөлшері 6,5 пайызға индекстеледі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді, деп хабарлайды үкімет Telegram-дағы арнасында.

"Мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелері толық көлемде орындалып жатыр және одан әрі қарай да орындала береді. Бұл – Үкімет жұмысының басым бағыттарының бірі",  - деп атап өтті премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров.

Атап айтқанда, биыл қаңтардан бастап барлық зейнетақы мен жәрдемақылар жыл сайын инфляция деңгейін ескере отырып индекстелуде. 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ынтымақты зейнетақы 8,5 пайызға, әлеуметтік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы 6,5 пайызға индекстеледі. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша базалық зейнетақының мөлшерін кезең-кезеңімен арттыру жалғасып жатыр.

2025 жылға арналған республикалық бюджетте 42 түрлі әлеуметтік төлемдер бойынша 6 трлнтеңгеден астам қаражат қарастырылған, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 12,5 пайызға көп.

Республикалық бюджеттен және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 млн-ға жуық қазақстандық отбасы жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер алады.

"2025 жылдың басынан бастап балалы отбасыларға төленетін барлық мемлекеттік жәрдемақы мөлшері 6,5 пайызға индекстеледі. Балалы отбасыларға арналған жәрдемақыларды төлеуге 2025 жылға арналған республикалық бюджетте 875,1 млрдтеңге қарастырылған. Аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік қолдау атаулы әлеуметтік көмек көрсету арқылы жалғасады. 2023 жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша 76 мың отбасы немесе 403 мың адам АӘК алды. АӘК көрсетудің жаңа тәсілдерін азаматтардың шығыстарын ескере отырып қайта қарау шеңберінде бұл көмек Цифрлық отбасы картасы және мемлекеттік әрі мемлекеттік емес ұйымдардың жүйелерімен интеграциялау арқылы трансформацияланады", - деп атап өтті Нұрлан Байбазаров.

Бұдан бөлек 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда стипендия көлемі: бакалавриат бойынша 20 пайызға, магистранттар мен докторанттарға 15 пайызға өсті. Ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 18 пайызға артты, 2025 жылдан бастап 17 пайызға көбейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2195144-keler-zhyldan-bastap-balaly-otbasylarga-tolenetin-barlyq-zhardemaqy-molsheri-6-5-ga-indeksteledi/