Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Доллар 600 теңгеге дейін көтеріле ме: сауалға экономика министрі жауап берді

Жарияланған күні:

Теңге мен доллар
Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкіметтің дүйсенбідегі брифингінде Ұлттық экономика министрінен доллар бағамы 600 теңгеге дейін көтеріле ме деп сұралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
2024 жылғы 4 желтоқсан: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаровтың айтуынша, Қазақстан бюджетінде доллардың орташа бағамы 470 теңгеден есептелген. "Б жоспары" бойынша доллар ары кетсе 500 теңге болады деп болжанған.

Министрден доллар бағамы 600 теңгеге жеткен жағдайда үкімет не істейді деп сұрады.

"Әзірге біз мұндай жоспарға болжам жасамадық. Біз болжам жасалған жоспарымыздағы ең (жоғары бағам – ред.) жоғарысы – 500 теңге, яғни біз 600 теңгеден есептеуді жоспарлап отырған жоқпыз", - дейді Нұрлан Байбазаров.

Министрдің айтуынша, республикадағы валюта бағамы нарыққа, сұраныс пен ұсынысқа тәуелді.

"Келесі жылы инвесторлар шетел валютасымен кіреді. Ол инвестиция біздің валюта нарығымыздан өтіп, конвертацияланады, Қазақстанда сол жобаларды жүзеге асыруға жаратылады. Сол себепті біз де өз тарапымыздан валютаның елге келуіне ықпал етеміз", - деп мәлімдеді экономика министрі.

Осының алдында Байбазаров үкімет теңгенің құлдырауының "жағымсыз әсерін" төмендету үшін бар күшін салады деген.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптадан бері теңге бағамы құбылып тұр. Ал 2 желтоқсанда түсте 1 доллар бағамы 536 теңгеге дейін көтеріліп, жаңа антирекордқа жетті.

Бұған қоса, экономика министрі доллар бағамы күрт көтерілген кезде қазақстандықтар долларды сатып алуы дұрыс па деген сұраққа жауап берді.

Ал Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовке брифинг барысында доллардың қымбаттауы халық күнкөрісіне қалай әсер ететіні туралы айтты.

Осының алдында Қазақстанның Ұлттық банкі теңгені тұрақты ұстап тұру үшін тағы да валюталық интервенция жүргізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2195160-dollar-600-tenggege-deiin-koterile-me-saualga-ekonomika-ministri-zhauap-berdi/