Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аудиторлар қазынашылық комитетін тексеріп, бюджетке 124 млрд теңге шығын келуі мүмкін екенін анықтады

Жарияланған күні:

Жоғары аудиторлық палата
Палата отырысы. Фото: gov.kz

Республикалық бюджетті тиімді басқару мақсатында құрылған комитетте жүргізілген тексеру барысында бюджетке 124 миллиард теңге мөлшерінде шығын келуі мүмкін екені анықталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Жоғары аудиторлық палатаға сілтеме жасап хабарлайды.

Жоғарғы аудиторлар палатасы өзінің Telegram-дағы арнасында Қаржы министрлігі жанындағы Қазынашылық комитетінің қызметіне жүргізілген аудиттің қорытындысын жариялады.

"Жүргізілген аудит қазынашылық жүйесінің жұмысында оның тиімділігін төмендететін бюджет қаражатын басқару және төлемдерді жүргізу бөлігінде жүйелі кемшіліктерді анықтады.

Мысалы, Қазынашылық комитеті Бюджет кодексінің нормаларын бұза отырып, 2021-2023 жылдардың жекелеген айларында эмиссиялық бағалы қағаздарды бастапқыда жоспарланған көлемнен артық шығарған", - делінген хабарламада.

Ал республикалық бюджеттің қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы қаражат қалдығының болжамы оң болған, онда бюджетке 124 млрд теңге шығын келтірілуі мүмкін.

Сонымен қатар аудит нәтижелері бюджеттік құрылыс жобалары бойынша төлем құжаттарына жүргізілетін бақылау жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр.  

"Мәселен, қазынашылық органдарының ағымдағы бақылауы растайтын құжаттың бар-жоғы тұрғысынан ғана жүргізіледі. Бұл жерде оның заңнамада белгіленген нысанға сәйкестігі, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалауларды растау туралы белгінің бар-жоғы тексерілмейді. Мысалы, Алматы қаласының Қазынашылық департаменті әкімшілік ғимараттардың бірін реконструкциялау шеңберінде 2,5 млрд теңгені құрайтын орындалған жұмыстардың құны туралы сол бір анықтама бойынша жалпы сомасы 3,7 млрд теңгеге екі рет төлем жүргізген. Мұндай жағдайлар бірнеше рет қайталанған", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Жоғары аудиторлық палата төрағасы аванстық төлемдерге байланысты мәселелерге назар аударды.

Мәселен, аумақтық қазынашылық органдары бюджет заңнамасының нормаларын бұза отырып, өткен жылдардағы аванстың өтелмеген сомасы бола тұра, сондай-ақ бұрын төленген аванстарды пропорционалды ұстап қалмай, жаңа аванстарды төлеуге берілген шоттарды орындаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2195424-auditorlar-qazynashylyq-komitetin-tekserip-biudzhetke-124-mlrd-tengge-shygyn-kelui-mumkin-ekenin-anyqtady/