Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желтоқсанда теңге бағамы тұрақтала ма: сарапшылар пікір білдірді

Жарияланған күні:

Доллар мен теңге
Доллар мен теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы сарапшыларының пікірінше, теңге желтоқсан айында да қысым көреді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ осы ұйымның ресми сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
2024 жылғы 4 желтоқсан: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары

Қаржыгерлердің айтуынша, апта ұлттық валюта бағамының күрт құлдырауымен басталды. Қараша айында теңге, Ұлттық банк 2,4 млрд долларға интервенция жасағанына қарамастан, 5 пайыз әлсіреген.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда, Ұлттық банк желтоқсан айында бар болғаны 800-900 млн доллар сатуды көздеп отыр. Сол себепті валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін қосымша шара қолдануға тура келуі мүмкін. Атап айтқанда, базалық мөлшерлеме тағы көтерілуі ғажап емес.

Қаржыгерлер жұма күні базалық мөлшерлеме көтерілген уақытта күрт құбылған ақша нарығы дүйсенбі күні жаймен төмендегенін атап өтті.

Дүйсенбі Brent мұнайының бағасы аз ғана төмендеп, бір баррелі 71,9 доллар болған (-0,3%). Сарапшылардың айтуынша, осы аптада жұрттың назары ОПЕК+ жиналысына ауады. Жиын 5 желтоқсанда өтеді. Онда мұнай бағасының төмендеуін тоқтату үшін қаңтарда өндірісті азайту жөнінде шешім қабылдауы мүмкін.

Айта кетейік, 3 желтоқсанда КASE-де доллар бағасы 1,62 теңгеге арзандап, 1 доллардың орташа құны 523,17 теңге болды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, бүгін, 3 желтоқсанда, Алматыдағы айырбас пунктерінде доллар 525-530 теңгеден, ал Астанада 529 теңгеден саудаланды.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні Ұлттық банк теңге бағамына қатысты мәлімдеме жасаған.

Оның алдында Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллардың қымбаттауы халық күнкөрісіне қалай әсер ететіні туралы сұраққа жауап берген.

Қарашаның аяғында Ұлттық банк теңгені тұрақты ұстап тұру үшін тағы да валюталық интервенция жүргізгенін хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2195721-zheltoqsanda-tengge-bagamy-turaqtai-ma-saparshylar-pikir-bildirdi/