Қазақстанда доллар тағы да қымбаттады
Жарияланған күні:
Қазақстан қор биржасындағы күнделікті сауда-саттықтың қорытындысы брйынша бүгін доллардың күрт қымбаттағаны белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ KASE сайтының деректеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы бірден 8,43 теңгеге көтеріліп, 516,93 теңге болды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ресми деректеріне сәйкес, бүгін, 2024 жылғы 11 желтоқсан күнгі жағдай бойынша теңгенің долларға шаққандағы бағамы – 508.05 (-2.03), еуроға шаққандағы бағамы – 534.82 (-4.79) және рубльге шаққандағы бағамы – 5.06 (-0.09).
NUR.KZ ақша айырбастау бағамына қатысты парақшада қазақстандық екінші деңгейлі банктерде долларды сату және сатып алу келесідей жүзеге асырылып жатыр:
Астанада: сатып алу – 513-516,5 теңге, сату – 522-523 теңге;
Алматыда: сатып алу – 513-518,1 теңге, сату – 522-523 теңге.
Kurs.kz порталының мәліметінше, қазақстандық ақша айырбастау орындарында долларды келесідей бағамен саудалауға болады:
Алматыда: сатып алу – 505-518 теңге, сату – 518-524 теңге;
Астанада: сатып алу – 515 теңге, сату – 522 теңге.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2199096-qzaqstanda-dollar-tagy-da-qymbattady/