Қазақстанда доллар тағы 5 теңгеге қымбаттады
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстанда доллар тағы 5 теңгеге қымбаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ KASE ресми сайтындағы сауда нәтижесіне сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 5,17 теңгеге қымбаттап, 522,91 теңгені құрады.
NUR.KZ айырбастау бағамы бетінде Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде долларды сатып алу-сату мына бағам бойынша жүзеге асырылатыны айтылған:
- Астанада: сатып алу – 514,5-519,7 теңге, сату – 524,5-525,5 теңге;
- Алматыда: сатып алу – 514,5-520,5 теңге, сату – 523,1 -525,2 теңге.
Kurs.kz порталының мәліметінше, Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде қазір долларды мына бағамен сатып алуға және сатуға болады:
- Алматыда: сатып алу – 510-521,5 теңге, сату – 520,5-528 теңге;
- Астанада: сатып алу – 517 теңге, сату – 527 теңге.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2199692-qazaqstanda-dollar-tagy-5-tenggege-qymbattady/