Қазақстанда доллар сәл арзандады
Жарияланған күні:
Читать на русскомҚазақстан қор биржасындағы бүгінгі сауда барысында доллар бағамы арзандады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ KASE сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы өткен сессиядан бері 1,97 теңгеге төмендеп, 522,63 теңге болды.
NUR.KZ-тің айырбас бағамы мәліметі бойынша Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінде долларды сатып алу-сату мына бағам бойынша жүргізіліп жатқаны хабарланды:
- Астанада: сатып алу – 517,7-518,5 теңге, сату – 524,2-524,5 теңге;
- Алматыда: сатып алу – 517,7-523,5 теңге, сату – 524,2 -527,1 теңге.
Kurs.kz порталының мәліметінше, Қазақстанның ақша айырбастау пункттерінде қазіргі уақытта долларды мына бағамен сатып алуға және сатуға болады:
- Алматыда: сатып алу – 515-524 теңге, сату – 524-529 теңге;
- Астанада: сатып алу – 520 теңге, сату – 527 теңге.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2201868-qazaqstanda-dollar-sal-arzandady/