Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда доллар 5 теңгеге қымбаттады

Жарияланған күні:

Доллар/теңге
Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Бүгін, 27 желтоқсанда Қазақстан қор биржасындағы күндізгі сауда барысында доллар бағасының күрт өсуі байқалды. Бұл туралы KASE сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы өткен сессиядан бері 5,76 теңгеге қымбаттап, 521,81 теңгені құрады.

KAZ.NUR.KZ сайтындағы валюта бағамы бетінде екінші деңгейлі қазақстандық банктерде долларды сатып алу-сату келесі бағам бойынша жүргізілетіні көрсетілген:

  • Астанада: сатып алу – 517,50-518,50 теңге, сату – 524,50 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 517,50-522 теңге, сату – 524,50-527,50 теңге.

Kurs.kz порталының хабарлауынша, қазақстандық айырбас нүктелерінде қазір долларды келесі бағамен сатып алуға және сатуға болады:

  • Алматыда: сатып алу – 510-524 теңге, сату – 521-528 теңге;
  • Астанада: сатып алу – 518-526 теңге, сату – 522-528 теңге.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда доллардың 7 теңгеге арзандағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2206104-qazaqstanda-dollar-5-tenggege-qymbattady/