Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жыл қарсаңында Қазақстанда доллар қымбаттады

Жарияланған күні:

Доллар және теңге
Доллар және теңге. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан қор биржасында бүгін, 30 желтоқсанда, күндіз доллар қымбаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ KASE сайтының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.

Тақырып бойынша жаңа жарияланым:
2025 жылғы 2 қаңтар: Алматы, Астана және Шымкенттегі қолма-қол валюта бағамдары

Қаржы биржасындағы күндізгі сауда нәтижесінде, доллардың орташа бағамы 523,54 теңгеге жетіп, өткен аптадағы көрсеткіштен 1,56 теңгеге қымбаттады.

Қазақстандағы екінші деңгейлі банктерде доллар саудасы мынадай бағаммен жүріп жатыр:

  • Астанада: сатып алу – 519 теңге, сату – 526-529 теңге;
  • Алматыда: сатып алу – 519-523,5 теңге, сату – 526-529 теңге.

Kurs.kz порталының мәліметінше, елдегі валюта айырбастау пунктерінде қазір доллар мынадай бағамен саудаланып жатыр:

  • Алматы: сатып алу – 512-525,5 теңге, сату – 524-530 теңге;
  • Астана: сатып алу – 523-525 теңге, сату – 531-532 теңге.

Айта кетейік, Қазақстанда өтекен аптаның соңында доллар бірден бес теңгеге көтерілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2206890-zhanga-zhyl-qarsangynda-qazaqstanda-dollar-qymbattady/