Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа жылда Қазақстанда әлеуметтік төлемдер қанша пайыз көтеріледі

Жарияланған күні:

Ақша ұстаған адам қолы
Ақша. Көрнекі сурет: NUR.KZ/ВладимирТретьяков

2024 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударылатын әлеуметтік төлемдер 3,5 пайыз болды, бірақ 2025 жылдан бастап 5 пайызға дейін көтеріледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ материалынан оқыңыз.

Қазақстан азаматтары түрлі қиыншылыққа тап болған жағдайда мемлекеттен жәрдемақы ала алады. Бірақ ресми түрде жұмыс істейтін азаматтар Мемлекттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік төлем аударып отырады.

Биыл төлемнің мұндай түрі 3,5 пайыз болды. Алайда 2025 жылдан бастап оның мөлшері 5 пайызға көтерілді.

Айта кетерлік жайт, мұндай өзгеріс әлеуметтік төлем көлеміне еш әсер етпейді, себебі ол жұмысшы айлығының көлеміне байланысты болады.

2025 жылы қордан аударылатын төлемдердің бірқатары шынымен 6,5 пайызға көтеріледі, бірақ оның соны өзгеріске ешқандай қатысы жоқ.

Айта кетерлік жайт, жеке кәсіпкерлер табыстан ұсталатын әлеуметтік төлем көлемін 1 пайыз немесе 5 пайыздың екеуінің бірін өз еркімен таңдай алады.

Ал бірыңғай төлем жасайтындар үшін әлеуметтік төлем табыстың 4,5 пайызын құрайды. Бірақ оның ішіне жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы төлемі, медициналық сақтандыру төлемдері де кіреді.

Айта кетейік, 5 пайыздық әлеуметтік төлем 2018 жылға дейін де болған, бірақ Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізілуіне байланысты жұмыс берушіге салық салмағы біршама жеңілдетілген. Басқа айтқанша, 2025 жылы бұған әлеуметтік төлемдердің бұған дейінгі мөлшері қайта оралады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/2206941-zhanga-zhylda-qazaqstanda-aleumettik-tolemder-qansha-paiyz-koteriledi/