Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда қазан айынан бастап техникалық байқаудан өту жеңілдейді

Жарияланған күні:

Қазақстанда техникалық байқаудан өтуге қажет құжаттар тізімі 2014 жылғы қазаннан бастап қысқартылады деп хабарлайды Қазақстан жаңалықтары республиканың көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы техникалық байқау өтудің жаңа ережелерін қарастыратын "Жол қозғалысы туралы" Заңына қол қойды. Құжат үстіміздегі жылғы қазан айынан бастап күшіне енеді.

"Техникалық байқаудан өтуге қажет құжаттар тізімі бойынша да өзгерістір енгізілді. Енді, жаңа ережелерге сәйкес, техникалық байқаудан өту үшін көліктік салық төлеу жөнінде құжат қажет емес: операторға тек қана көлік құралы мен оны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігін (автоның техникалық төлқұжаты) ұсынғаны жеткілікті", - делінген хабарламада.

Оның ішінде, Заң пайдаланымда 4 жылдан аспайтын мерзімдегі (шығырылған жылын қосқанда) көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өтуден босатады.

"Сонымен бірге, Заңда техникалық байқау өту туралы қағаз бланкілерден бас тарту көзделген, ал оның өту факті механикалық көлік құралдар мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқау бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәлімет сұрау арқылы анықталады", - деп ақпараттандырады министрлік.

Жол-көлік оқиғасына соқтырған техникалық байқауды тиісінше өткізбегендігі үшін операторлардың жауапкершіліктері қарастырылған.

Сонымен қатар, операторлардың техникалық байқауды өткізу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершіліктері күшейтілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/313162-kazakstanda-kazan-ajynan-bastap-tehnikalyk-bajkaudan-otu-zhenildejdi/