RU
Қаржы
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Тұрғын үй депозиті бар қанша қазақстандық мемлекеттен сыйақы алды

Жарияланған күні:

Читать на русском
банкідегі ақша
Ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

2024 жылдың қорытындысы бойынша "Отбасы банкінің" 2 134 279 салымшысы мемлекеттік сыйақы алды. Сонымен қатар әрбір төртінші адамға ең жоғары төлем – 147 680 теңге тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі (ТҚЖЖ) жұмыс істейді, оның әзірге жалғыз қатысушысы – "Отбасы банк". Бұл жүйенің ерекшелігі – банк салымшылары түрлі жеңілдік қарастырылған ипотекалық бағдарламаларға қатыса алады, оның үстіне жыл сайын шотына мемлекеттік сыйақы алады.

"Отбасы банкінің" баспасөз қызметінің хабарлауынша, өткен демалыс күндері қазақстандықтар мемлекеттен 2024 жылдың қорытындысы бойынша есептелген сыйақысын алды. Тұрғын үй депозитін ашқан 2 134 279 қазақстандықтың шотына төлем аударылды.

Бұл жолы мемлекет сыйақысының ең жоғары мөлшері – 147 680 теңге, әр төртінші салымшы, яғни 534 мыңға жуық азамат осы сомаға ие болды.

Еске сала кетейік, мемлекеттік сыйақының ең жоғары мөлшері 200 айлық есептік көрсеткіштің 20 пайызына тең (200 АЕК – 2024 жылға 738 400 теңге).

Айта кетейік, сыйақы бұрын сыйақы берілмеген жинаққа берілетінін ескеру қажет. Яғни, азаматтар мемлекеттен максималды төлем алу үшін жыл сайын салымдарын кемінде 200 АЕК-ке толықтырып отыруы қажет.

Ал 2025 жылы ең жоғары мемлекеттік сыйақы 157 280 теңгеге тең болады. Оны бір жылда кемінде 786 400 теңге жинаған азаматтар ала алады (2025 жылы 1 АЕК 3 932 теңгеге тең).

Сома қалтаға салмақ түсірмеуі үшін азаматтарға ай сайын депозитін шамамен 65,5 мың теңгеге толықтырып отыруы керек.

Сондай-ақ кей азаматтар бірнеше тұрғын үй депозитін ашқанын ескеру қажет, алайда олардың біреуіне ғана мемлекеттік сыйақы тағайындалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/nurfin/personal/2225115-turgyn-ui-depoziti-bar-qansha-qazaqstandyq-memleketten-syiaqy-aldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif