Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы әкімдердің жұбайлары кімдер? (фото)

Жарияланған күні:

Қазақстандық саясаткерлердің жұбайлары ел алдына көп шыға бермейді. Оларды телеэкрандардан да, журнал беттерінен де көре алмайсыз.  NUR.KZ порталы қазақстандық әкімдердің әйелдері туралы ақпарат іздеп көрді.

Бағила Сапарбаева

Күйеуі: Бейбіт Атамқұлов – Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі

Бағила Сапарбаева 1970 жылы туған. Оның атында «Көркемжан» ЖШС үлесі тіркелген деп жазады отандық БАҚ. Аталған компания дәнді дақылдар мен жемнің көтерме саудасымен айналысады.

Бүгінгі таңда бұл жұптың екі ұл, бір қызы бар. Естеріңізде болса, Атамқұловтың 20 жастағы ұлы Диас 2013 жылы  Малайзиядағы Саравак штатының премьер-министрі Таиб Махмудтың жиен қарындасына үйленген болатын.

Галина Кулагина

Күйеуі: Сергей Кулагин – Ақмола облысының әкімі

Ақмола облысының бірінші ханымы астрологияға қызығушылық танытады, сондай-ақ, үш баласының бастамаларына үнемі қолдау көрсетіп жүреді. Бұл туралы comode.kz жазған. Үлкен қызы Ольга Мәскеудегі ЖОО бірінде оқиды және Астанада жеке фирмасы бар. Галина ханым екі қаланың ортасында жүреді екен. Бүгінде ұлы Павел Кулагин Астана қалалық әкімдігінде қызмет етеді.

Данара Әбдірахымова

Күйеуі: Ғабидолла Әбдірахымов – Шымкент қаласының әкімі

Данара Әбдірахымова Оңтүстік Қазақстанның тумасы, белгілі профессор Тынысбек Қалменовтің қызы. Еске сала кетсек, Шымкент әкімі алғаш рет әйелін қала күніне арналған гала-концертке ертіп келіп, көпшілікке көрсеткен болатын.

Данара елбасының қатысуымен өткен кештердің бірінде президентке иіліп сәлем салғандығымен де есте қалған болатын.

Гүлнара Матаева

Күйеуі: Қырымбек Көшербаев – Қызылорда облысының әкімі

Гүлнара Мұстафақызы екі ұл, бір қыздың анасы. Тұңғышы Оңталап 1983 жылы, Еркін 1988 жылы туған. Қызы Салтанат 30-да.

Жанар Рахметова

Күйеуі: Бауыржан Байбек – Алматы қаласының әкімі

Жанар Рахметова болашақ жарымен Алматыдан Франкфуртке бағыт алған ұшақтың ішінде танысқан. Екеуі де Германияда бір қалада білім алып, бір-біріне жақын жерде тұрып келгендерін білгеннен кейін жақын таныса бастаған.

Жанар - Атырау облысының тумасы. Бүгінде Бауыржан мен Жанардың үш баласы бар.

Қалдығайша Сапарбаева

Күйеуі: Бердібек Сапарбаев - Ақтөбе облысының әкімі

Қалдығайша Зейноллақызы соңғы 15 жыл бойы үйде жұбайының жағдайын жасап отырған асыл жар. Бір қыз және екі ұлдың анасы. Мамандығы – экономист. Өмір бойы саудамен айналысыпты. Бұл туралы today.kz сайты жазады.

 

Бағда Баталова (Бектұрғанова)

Күйеуі: Амандық Баталов – Алматы облысының әкімі

Бағда Өтеғұлқызы мен Амандық Ғаббасұлының Саёра есімді қызы, Әділбек және Исламбек атты ұлдары бар.

Айнагүл Мұхамбетова

Күйеуі: Архимед Мұхамбетов – Қостанай облысының әкімі

Ол үй шаруасындағы әйел. Дей тұрғанмен, оның атында жеке үй және саяжай, сондай-ақ 2009 жылғы Lexus автокөлігі тіркелгені туралы айтылған.

Тағы да оқыңыздар:

Мирзияевтің күйеу балалары Каримовке тиесілі компанияларды өздеріне алып жатыр

Шымкенттік полицей Атамқұлов сыйлаған көліктің сау тамтығын қалдырмады

Рио Олимпиадасында боксшыларға төрелік еткен қазылар түгелдей қызметінен қуылды

Ресейлік шоумен Астанадағы мейрамханасына тірі жолбарыстарды жалдады

Серік Ибрагимов бойдақтығымен қош айтысты (фото, видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1275213-qazaqstandaghy-akimderdinh-zhubaylary/