Айсұлтан Назарбаев биліктегі жағымпаздарды қатаң сынға алды
Жарияланған күні:
Президенттің жиені Айсұлтан Назарбаев өзін Қазақстан футбол федерациясының президенті қызметінен айырылып қалды дегендерге жауап берді.
Бұл туралы ол Facebook парақшасында жариялаған.
"Иә, мен Қазақстан футболының жетекшісі емеспін. Мен бұл циркке мүлде қатыспағанмын да. Қожағапанов қызметінен кетерде қандай да бір реформа жасағысы келген. Алайда, көріп отырғандарыңыздай, Жақсыбеков біздегі футболды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстап отыр. Бүгінде оның қоластындағы адамдар мен компаниялар дауыс беруді қадағалауда. Демек, демократиялы түрде дауыс берудің исі де сезілген жоқ.
Әрине, "Аға, мен сіздің айтқандарыңызды тыңдаймын" деп Жақсыбековке айтсам, мен ҚФФ президентінің орынтағында отырар ма едім?! Алайда, мен мұндай өтінішпен өзімнің туған атама да барған емепін. Олар мәселенің өр көкіректікте, билікке қызығушылықта және қол жетпеген табыста еместігін түсінбеген сияқты. Мен олар сияқты емеспін. Мен үшін ең басты құндылық - адалдық пен ары тазалық. Бұл оқиға біздегі элитаның әлі күнге дейін орта ғасырлық деңгейде ойлайтынын көрсетті", - деп жазды Айсұлтан Назарбаев.
Тағы оқыңыздар:
Иманғали Тасмағамбетов Мемлекеттік сыйлықтың иегері атанды
Нұрсұлтан Назарбаевтың еш жерде жарияланбаған ерекше суреттері (фото)
Назарбаев Дональд Трамппен не туралы сөйлесті?
Экс-премьер Серік Ахметовке рақымшылық жасалуы мүмкін
Қазақ жігітін сүйіп қалған өзбек қызы күн сайын сүйіктісі үшін шекарадан өтіп жүр (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1334827-aysultan-nazarbaev-biliktegi-zhaghymp/