Ел билігіндегі ең сымбатты шенділер кімдер?
Жарияланған күні:
Қазақстандағы мемлекеттік саяси қызметкерлердің орта жасы - 48, ал әкімшілік қызметкерлердің орта жасы - 39 жас екені анықталды. Бүгінде елімізде 99 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер бар. Оның ішінде жастардың үлес салмағы жылдан жылға артып келеді.
NUR.KZ порталы еліміздің түкпір-түкпірінде жас та болса, бас болып, келісті келбетімен көзге түскен азаматтарды назарларыңызға ұсынады.
Бақытжан Нарымбетов
Бақытжан Нарымбетов - Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының басшысы, 30 жаста. Ол 2007 жылдан Астана және Алматы қалаларында үкіметтік емес ұйымдарда жетекшілік қызметтер атқарған. Осыдан соң Орал қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы, ақпараттық-талдау жұмыстары бөлімінің басшысы, Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы лауазымында болды. Соңғы тағайындауға дейін БҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары міндетін атқарды.
Мадияр Оразалиев
Мадияр Оразалиев - ОҚО Сайрам ауданы әкімінің орынбасары қызметіне былтырғы жылдың соңында тағайындалды. Жас шенеунік 1986 жылы дүниеге келген. Білімі - жоғары, инженер-технолог, заңгер, экономист мамандықтарын игерген. "Нұр отан" партиясының мүшесі осыған дейін ОҚО мәслихатының депутаты болған.
Қуаныш Берішбаев
Қуаныш Берішбаев - Ақтау қаласы әкімінің білім беру, мәдениет және әлеуметтік сала бойынша орынбасары. Ол 1984 жылы Маңғыстау облысы, Шетпе ауылында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Жас шенеунік осыған дейін Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы, Маңғыстау облыстық Энергетика және тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары, Маңғыстау облысы әкімі аппаратының басшысының орынбасары лауазымында болған.
Ерлан Әукенов
Ерлан Әукенов - Алматы қаласы әкімінің орынбасары. Ол 1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі, МВА дәрежесi бар. Оның еңбек қоржыны жоғары лауазымдарға толы. Ерлан Әукенов бiлiм және ғылым министрiнiң көмекшiсi, бiлiм және ғылым министрлiгi департаментiнiң директоры болып қызмет еттi. ШҚО әкiмi аппаратында басшылық лауазымын атқарды. Сондай-ақ ол президент әкiмшiлiгiнiң мемлекеттiк инспекторы қызметiн, СҚО әкiмiнiң орынбасары қызметін атқарған.
Шыңғыс Мұқан
Атырау облысы әкімінің экс-орынбасары Шыңғыс Мұқан былтыр Гарвард университетіне магистратураға оқуға түсіп, мемлекеттік қызметтен кетті. Ол 1984 жылы дүниеге келген. Шыңғыс Мұқан мемлекеттік қызметке журналистикадан келген. Ол әр жылдарда БҚО әкімі аппаратының орынбасары, президент әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің тіл, мәдениет және спорт секторының меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Бақтияр Омарханов
26 жастағы Бақтияр Омарханов - Қарағанды әкімінің аппарат жетекшісі. Бақтияр Омархановтың екі жоғары білімі бар - экономика және заң саласын меңгерген. Сондай-ақ, ол экономика ғылымдарының магистрі. Мемлекеттік қызметте 2011 жылдан бері қызмет етіп келеді. Қарағанды облыстық өнеркәсіп және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бас маманы ретінде жұмыс жасаған. 2014 жылдан қазіргі тағайындауға дейін «Қазагромаркетинг» АҚ Қарағанды бөлімінің директоры лауазымын атқарған.
Абылайхан Оспанов
Абылайхан Оспанов - "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" ҰАҚ басқарамасының төрағасы. Жас саясаткер 1986 жылы дүниеге келген. 2011 жылдан бастап мемлекеттік қызметке араласқан. Ішкі істер министрлігінде жұмыс істеген. 2014 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен электронды қызмет көрсетулерді дамыту жөніндегі департаменттің директоры болып тағайындалды. 2016 жылы сәуір айынан бастап 2017 жылғы қаңтарға дейін "Алматы қаласының даму орталығы" АҚ басқармасы төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды.
Әлібек Нұртаев
Әлібек Нұртаев - ОҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы. Ол 1982 жылы дүниеге келген, білімі жоғары, мамандығы бойынша дене тәрбиесінің оқытушысы және спорт түрінің жаттықтырушысы. Шенеунік 2003 жылы осы басқармада бас маман қызметін, одан кейін басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарып келген.
Мұхтар Мәнкеев
Мұхтар Мәнкеев осыдан біраз бұрын мемлекеттік қызметте болған. Ол СҚО әкімінің индустрияландыру, кәсіпкерлікті және туризмді дамыту мәселелері бойынша орынбасары қызметін атқарып келді. Қазіргі таңда жас маман “Қазақстан-2050″ жалпыұлттық қозғалысы кеңесінің төрағасы. Мұхтар Манкеев 1984 жылы БҚО Шыңғырлау ауданында дүниеге келген. Ол инженер, экономика бакалавры, бизнес-әкімшілік мамандықтарын игерген. Еңбек жолын БҚО “Жасыл ел” филиалына жетекшілік етуден бастаған азамат түрлі шетелдік компанияларда жоғары лауазымдарды атқарып келген.
Тағы оқыңыздар:
Қанат Ислам мен Робсон Ассистің шаршы алаңға шығатын нақты уақыты анықталды
"Ақтөбеден" 64 млн теңге дәметкен бразилиялық футболшы сотта жеңіліп қалды
Атырауда Өтеуовтің арызынан кейін сотталған полицейлер бостандыққа шықты
БАҚ: Димаш Құдайберген Қытайдағы байқауда 6-орынға сырғыды
Назарбаев Ақтөбе облысындағы нашар жолдарға назар аударды
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1410521-el-biliginde-kelisti-kelbetimen-kozg/