Сапарбаев, Қанат Ислам, Әсел Сәдуақасова: Назарбаев кімдерді марапаттады? (фото)
Жарияланған күні:
Астанада мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік наградаларды табыстау салтанаты өтіп жатыр деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.
«Қазақстанның Еңбек Ері» дәрежесін алғандар:
1. Ахметжан Есімов - «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басшысы;
2. Руслан Қуатов - «Теңізшевройл» ЖШС-нің менеджері, Атырау облысы;
3. Жақсылық Үшкемпіров - «Жақсылық» ШҚ басшысы, Жамбыл облысы;
«Отан» ордені:
4. Даниал Ахметов - ШҚО әкімі;
5. Бердібек Сапарбаев - Ақтөбе облысының әкімі;
6. Аманғос Тулеуов - «Степное» ЖШС-нің дтректоры;
III дәрежелі «Барыс» ордені:
7. Қайыргелді Қабылдин - «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ-ы басшысының үкіметпен байланыс бойынша орынбасары;
8. Нұрлан Оңжанов - президент көмекшісі;
9. Әнес Сарай – жазушы, Астана қаласы;
«Парасат» ордені:
10. Ақпарат және коммуникация министрі - Дәурен Абаев;
11. Жақып Асанов - Жоғарғы сот төрағасы;
12. Марат Бекетаев - әділет министрі;
13. Жеңіс Қасымбек - инвестиция және даму министрі;
14. Меруерт Өтекешова - М.Әуезов атындаға драма театр әртісі;
II дәрежелі «Достық» ордені:
15. Заал Бочоришвили - ОҚО Грузия мәдени орталығының төрағасы;
«Құрмет» ордені:
16. Базаркүл Бердікенова – мұғалім;
17. Қанат Ислам – боксшы;
18. Төлеген Мұтышев - Павлодар облыстық балалар ауруханасының дәрігері;
19. Ерлан Сағадиев - білім министрі;
20. Әсел Сәдуақасова – киноактриса;
III дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені:
21. Игорь Китаев - «АрселорМиттал Темиртау" металлургі;
22. Мукарам Абубахриева - "Астана Балет" театрының бас балетмейстері;
23. Жандарбек Мәлібекұлы – Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ профессоры;
II дәрежелі «Даңқ» ордені:
24. Сұлтан Кәмалетдинов – Аумақтық қорғаныс бас басқармасының бастығы - Қазақстан Қарулы Күштерінің аумақтық әскерлерінің бастығы;
25. Андрей Каскеленов – Ұлттық гвардияның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының штаб-пәтері бас қолбасшысының бірінші орынбасары;
II дәрежелі «Айбын» ордені:
26. Жанат Ермұханов – қорғаныс министрлігінің 18404 Қамбарұлы әскери бөлімінің командирі;
27. Жанат Саиполдаев - Ұлттық қауіпсіздік комитеті терроризмге қарсы қызметінің антитеррорлық орталығының штаб бастығы;
III дәрежелі «Айбын» ордені:
28. Ержан Жақаев – Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің «Айбын» президенттік полкінің 0112 Тұрарбекұлы әскери бөлімінің командирі;
«Ерлігі ушін» медалі:
29. Руслан Базарбаев – Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің жедел кезекшісі;
30. Андрей Югай - Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі ұлттық бюро бастығының орынбасары.
Сондай-ақ Назарбаев барлық қатысушыларды келе жатқан Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Елдің бүгінгі жетістігі қоғамның жанашыр, еңбекқор азаматтарының арқасында екенін атап өткен елбасы, мемлекетке пайдасы тиген жандардың әрбір аудан-қалаларда көп екенін айтты.
Президент тапсырмасын сәйкес ол адамдардың наградаларын жергілікті әкімдер мен жауапты басшылар табыстайтын болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1706750-saparbaev-qanat-islam-asel-saduaqaso/