Жансейіт Түймебаев: Тәуелсіздік - халқымыздың ең қастерлі құндылығы
Жарияланған күні:
Бүгін Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Қазақстанның Тәуелсіздік күніне арналған «Тұғырлы бол, Тәуелсіздік» атты салтанатты шара өтті. Мерекелік кеште сөз алған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.
«Тәуелсіздік күні – ұлы мереке. Біздің ата-бабаларымыз ғасырлар бойы азаттықтың ақ таңы түбі бір атарынан үміт үзбей Тәуелсіздік алуды армандап өтті. Ұлан-ғайыр даланы аман сақтау үшін жанқиярлықпен күресті. Халқымыздың сан ғасырлық арманы орындалып, еліміз егемендікке қол жеткізді. Міне, біз бүгін еліміздің басты мерекесі – Тәуелсіздік күнін жиырма алтыншы рет тойлап отырмыз. Қазақ елінің осынау жылдарда қол жеткізген жетістіктері Қазақстанның тұңғыш президенті – ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімімен және оның сарабдал саясатымен тікелей байланысты. Тәуелсіздік күні – біздің жалпыұлттық мерекеміз. Олай болса, бірлігіміз бекем, ынтымағымыз ырысты болып, еліміз гүлдене берсін!», - деді Жансейт Қансейітұлы.
Салтанатты жиында облыс басшысы мемлекеттік және қоғамдық қызметте сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі мен өңірге еңбегі сіңген оңтүстікқазақстандық 74 азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады.
Олардың бірқатарын айтып өтсек, ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Н.Дербісов марапатталса, «Корпорация «Береке А» ЖШС бас директорының кеңесшісі Р.Оспанәлиева мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков «Парасат» орденінің иегерлері атанды. Ал, «Құрмет» орденімен «ЕвроРемонтСервис» ЖШС директоры Ж.Ағабеков, облыстық әзіл-сықақ және сатира театрының әртісі У.Әбдірайымов, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-ң деканы С.Әбдірайымова, Түркістан қаласының әкімі Ә.Өсербаев, ақын Т.Қабылбек сынды азаматтар марапатталды. Сонымен қатар, «Кентау трансформатор зауыты» АҚ цех басшысы С.Зубков, «ЮКМЗ» АҚ токары Т.Исмаиловтар ІІІ дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденін иеленді.
Тәуелсіздік мерекесіндегі іс-шарада «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Тілеуберді» ЖШС директоры С.Батырбаев, «Шымкент күрделі құрылыс» ЖШС бас директоры І.Бұралқиевлар марапатталса, еңбек ардагері М.Мамбетов, Арыс аудандық емханасының фельдшері Н.Әділбековалар «Шапағат» медалін иеленді. Құрмет грамотасымен Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония әртісі Г.Абуова, Арыс қалалық №8 В.Комарова атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі С.Корчагина сынды тағы басқа азаматтар марапатталды.
Мерекелік шара «Қазына», «Шамсинұр» би ұжымдарының орындауымен «Тіршіліктің бастауы - Қазығұрт» сазды-хореографиялық композициясымен жалғасты. Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармония және облыстық опера және балет театрларының өнерпаздары жиналғандарды өнерімен тәнті етсе, кеш сазгер А.Асановтың «Мәңгілік ел үшін» әнімен қорытындыланды.
Бізбен бөлісер қызықты жаңалығыңыз болса, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98
Тағы оқыңыздар:
Назарбаев ел алдында ақтарыла сөйлеген Жақсылық Үшкемпіровпен күш сынасты (видео)
Мереке күндері қазақстандықтарды 30 градусқа дейін аяз күтіп тұр
Сапарбаев, Қанат Ислам, Әсел Сәдуақасова: Назарбаев кімдерді марапаттады? (фото)
Айтыстан шеттетілген белгілі ақын "Алтын домбыра" жүлдесіне ие болды (видео)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1707684-zhanseyit-tuymebaev-tauelsizdik-khalq/