Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев пен Путин: Екі ел басшысы "жабық есік" артында нені талқылады?

Жарияланған күні:

Тұнғыш президент қорына қарасты әлемдік экономика және саясат институтының бас маманы Оразғали Сельтеев екі ел басшысының көзбе-көз нені талқылауы мүмкін екені жөнінде пікір білдірді. Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин кедендік одақ саммиті аясында кездескен болатын деп хабарлайды Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz: UGC

Оразғали Сельтеев екі президенттің "жабық есік" артында талқыға салуы мүмкін мәселелерді төрт бағытта қарастырады.

Біріншіден, Еуразиялық экономикалық одақта сақталатын тарифтік емес кедергілер болса керек.

Екіншіден, Армения бағыты жөніндегі сұрақтар талқылануы мүмкін.

"Бұған дейін, Серж Саргасян кезінде армян оппозициясы Ресеймен арақатынастағы өзінің ұлттық мүддесін қорғауды күшейтуді талап етсе, енді бұл жайтты қайта болады деп күту қате" , - деп айтты саясаттанушы.

Оның айтуынша, Ереванға Батыспен қарым-қатынасты орнату әлдеқайда қызықтырақ болса керек.

Үшіншіден, Ресей Еуропа мен АҚШ-пен қарсыласуына байланысты, Мәскеу өзінің одақтастарының шеңберін кеңейтпек. Алайда, Молдовия мен Тәжікстанның кедендік одақтан шығып кетуі мемлекеттердің қажетті деңгейде даярсыздық мәселесін туындатады. Ол өз кезегінде одақ жұмысының нәтижелілігін төмендетуі әбден мүмкін.

Төртіншіден, антиресейлік санкциялар кедендік одақ дамуына тосқауыл болып келеді. Ал қазақстандық компаниялардың көбісі Ресеймен қызмет етіп жатқаны да ескерілуі мүмкін.

"Қазақстан президенті өткен саммит барысында бұл мәселені қозғап, оны шешудің оңтайлы жолдарын да келтірсе керек" , - деп айтты саясаттанушы.

Айта кетейік, 14 мамыр күні Сочи қаласында Евразиялық экономикалық одақтың кеңейтілген отырысы болып өтті. Жиында экономикалық қарым-қатынасты нығайту мәселелері сөз болу мен қатар оларды шешу жолдары қарастырлып, бірқатар құжаттарға қол қойылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1731869-nazarbaev-pen-putin-eki-el-bassysy-zabyk-esik-artynda-neni-talkylady/