Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қалай қол жеткіздіңіз?": Зимбабве президенті Қазақстанның жетістігіне таңданды

Жарияланған күні:

Ақордада Қазақстан мен Зимбабве басшыларының кездесуі өтті. Жабық есіктің артындағы ұзақ келіссөзден кейін Назарбаев пен Мнангагва журналистермен кездесуге шықты. Африка елінің президенті Қазақстанның даму деңгейіне таңданды деп жазады NUR.KZ

NUR.KZ
Фото:NUR.KZ: Original
"Зимбабве қазір Қазақстанның 20 жыл бұрынғы күйін кешуде. Сондықтан біз осы елге келіп, жылы шырайлы елдің қалай дамығанын үйренуіміз керек.
27-28 жыл арасында экономиканы дамытқан. Бұған қалай қол жеткізген екен деп қайран қалып, таңдай қағудамыз. Біздің де даму жолымыз осындай болсын деп ұмтылудамыз", - деп мәлімдеді Эммерсон Мнангагва.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстаннның экономикасы африкалық аймаққа кірмегенін баса айтып өтті. Екі ел арасындағы байланыс әлсіз.

"Екі ел бір-бірінен қашықта орналасқандықтан, саяси және экономикалық байланыстар әлсіз. Елдеріміздің бір ұқсастығы Зимбабвенің де жер қойнауы Қазақстан сияқты қазба байлықтарына толы.
Ауылшаруашылық жағынан да ұқсаймыз. Бізде де қайта өңдеуді дамыту керек. Қазақстан бұл мәселелерді ынтымақтастық аясында қарастыруға дайын.
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: UGC
Тау-кен өнеркәсібінде тәжірибе алмасып, ет, бидай және тағы басқа азық-түлік өнімдерінің жеткізілімін қарастыруға әзір. Қазір елдеріміз арасындағы сауда-саттық мөлшері мардымсыз", - деп мәлімдеді Назарбаев.

"Зимбабве дауысы біз үшін маңызды", - деп Елбасы сөзін қорытындылады.

Себебі бұл ел БҰҰ-ның белсенді қатысушысы және Африка елдері одағының беделді мүшесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1774265-kalaj-kol-zetkizdiiz-zimbabve-prezidenti-kazakstanny-zetistigine-tadandy/