Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Назарбаев: Денсаулықтарың жоқ, аурушаң болсаңдар ешкімге керек емессіңдер

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Астанада өткен жастар жылының ашылу салтанатында оларды денсаулықтарына салғырт қарамай, күтінуге шақырды. Мемлекет басшысы жас кезде спортпен айналысу - кейін дағдыға айналатынын да атап өтті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Ақорда
Фото: Ақорда: Instagram

Президент өз кезегінде табысқа жету үшін, берік денсаулық қажет екенін мәлім етті.

"Мен үнемі айтамын: Табысты болу үшін, ең алдымен денсаулық керек! Денсаулығың мықты болса жұмыста да ісің алға басады. Отбасыңда да береке болады. Бизнесмен деген ерекше санаттағы адам емес пе? Ол ашық, адамдармен тез тіл табысатын, еңбекқор адам болуы тиіс. Қасқыр екеш қасқырға дейін аяғы асырамай ма? Сондықтан денсаулықты қазірден бастап кұту керек", - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев адам денсаулығы тек 10-15 пайыздық мөлшерде ғана медицинаға тәуелді болатынын айта кетті.

"Денсаулықтың тек 10-15 пайызы медицина, қалғаны адамның салауатты өмір салтын ұстануына тікелей байланысты. Қазір Қазақстанда адамдардың өмір сүру ұзақтығы 67 жастан 73-ке дейін ұзартылды. Әрине жақсы көрсеткіш.

Бірақ Жапонияда адамдардың өмір сүру ұзақтығы 80 жас деген дерек бар. Ал Испанияда 85 жас. Біз де соған ұмтылуымыз керек. Адамдар қай кезде болмасын өз денсаулығына ерекше байыппен қарауы керек. Денсаулығы жоқ, аурушаң адам ешкімге керек емес. Сондықтан қазірден бастап денсаулықтарыңа ерекше мән беріңдер! Оны мен өзімнен білемін", - деді президент.

Нұрсұлтан Назарбаев осы жиында "Жастар" санатындағы тұрғындардың жас мөлшері ұлғайғандығын атап өтті.

"БҰҰ бүгінде жастарды әлеуметтендіру уақыты тым ұзақ екенін ескере отырып, олардың жасын 44-ке дейін ұзартты. Сондықтан бізде де бұрын егер 28 жасқа дейінгі адамдар ғана жастар деп есептелінсе, қазір біз ол мөлшерді 44-ке дейін ұзартпақпыз. Осында отырғандардың бәрі қуанып отырған шығар. Себебі көпшілігің сол санатқа кірейін деп отырсыңдар", - деп күлді президент.

Айта кетейік, бүгін Елбасы бүгін Астанада өткен жастар жылының ашылу салтанатын өткізді.

Шарада жеті бала дүниеге әкелген 27 жастағы батыр ана президент алдында сөз сөйледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1774752-nazarbaev-densaulyktary-zok-aurusa-bolsadar-eskimge-kerek-emessider/