Президент өкілеттілігі: Конституциялық кеңес Назарбаевтың өтінішін қарайды
Жарияланған күні:
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Конституциялық кеңесіне өтініш жіберді еп хабарлайды NUR.KZ.
"2019 жылғы 4 ақпанда Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады.
«Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде", - делінген ресми хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1776759-prezident-kilettiligi-konstitucialyk-kees-nazarbaevty-tinisin-karajdy/