Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласына "Нұрсұлтан" атауын беруді ұсынды
Жарияланған күні:
Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласына "Нұрсұлтан" атауын беруді ұсынды. Бұл туралы ол бүгінгі палаталардың бірлескен отырысында мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті болды>>>
Назарбаевтың портреті еліміздің барлық мекемелерінде қалатын болды>>>
Тоқаев: Елбасы – саясаттағы ұлы ұстазым>>>
"Біздің ұлы замандасымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгі есте қалдыру қажет деп санаймын. Сол себепті, біздің елордамыз Президентіміздің атын алып, "Нұрсұлтан"деп аталуы керек.
Мұндай ұсынысты Парламент депутаттары 2016 жылғы 23 қарашада Қазақстан Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай қабылдаған декларацияда айтылған", - деді Тоқаев.
Оған қоса, президент Назарбаевтың порттері барлық мекемелерде қалатынын айтты. Тоқаев Елбасыға құрметті сенатор атағын берді.
Елбасының барлық әрекеті "ҚР Тұңғыш Президенті туралы" Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Ол халықтың әкесі болып қалады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1784500-kasym-zomart-tokaev-astana-kalasyna-nrsltan-atauyn-berudi-syndy/