Нұрсұлтан Назарбаев Шамалғанда жерлестерімен кездесті (фото)
Жарияланған күні:
Нұрсұлтан Назарбаев Алматы облысы Шамалған ауылының тұрғындарымен кездесті. Іс-шара "Атамекен" тарихи-мәдени орталығы аумағында өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Елбасымен кездесуге 3000-нан аса адам - ақсақалдар, ауданның құрметті азаматтары, балалар мен жастар келді.
Сондай-ақ, іс-шараға Алматы облысының әкімі Амандық Баталов та қатысты.
Назарбав Шамалған тұрғындарының қолын алып, амандасты.
Ауыл тұрғындары Тұңғыш президентпен жеке сөйлесу құрметіне ие болды. Ал кішкентай балақай оған өлең жолдарын оқып берді.
"Біз-Қарасай ауданының тұрғындарымыз. Мен мемлекеттік тілдің аудандық қоғамдастығы өкілімін. 1963 жылдан бері осы ауданда тұрамын, сол себепті Елбасының жұмысы туралы көп білемін.
Ол менен бір жас кіші. Мен 1939 жылы туғанмын. Оның атқарған жұмысы барша қазақстандықтарға аян. Ол елдің бірлікте өмір сүргенін, тұтас халықтың бақытты ғұмыр кешіп, адал еңбек еткенін қалайды.
Қазір мен зейнеткермен, бірақ қоғамдық жұмыстарға белсене қатысамын.
Біз соғыс заманының балаларымыз. Жұмыс істедік, өз отанымызды, Қазақстанды ойладық. Біз бір әкенің балаларымыз. Елбасыға айтар алғысымыз көп.
Оның атқарған жұмыстарының арқасында Қазақстан үлкен жетістіктерге жетіп, біздің балаларымыз бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруде. Мен шын жүректен оған саясаты мен еңбегі үшін рахмет айтамын",- деді жергілікті тұрғын Шара Қанатқұмқызы.
"Біз - ғалым халықпыз. Бидайдың жаңа сұрыптарын дайындаймыз. Менде 130 сұрып бар, 22 ел біздің сұрыптарды егеді. Қазақстан - астық державасы.
Біз өзімізді де, көршілерімізде де қамтамасыз етіп отырмыз. Бидайдың ондаған млн тоннасын өндіреміз. Біз отанымыз үшін еңбек етеміз. Отанымыз өркендей берсін.
Сауықтыру кешендерін салдық, халық салауатты өмір салтын ұстана бастады, Мен де ұстанамын. Жасым 85-келді, "Жастықтың құпиясы" атты кітап жаздым. Қазір екінші экнциклопедиямды жазып жатырмын. Елбасыға экологияға қамқор болғаны үшін рахмет айтамын.
Мен Елбасымен 14 рет кездестім. Соңғы рет 2014 жылы бидай алқабында жолықтық. Ол үнемі келіп тұрады. Осы жылы да күтеміз", - дейді академик Оразалиев Рахым Алмабекұлы.
Мұрат Сұлиев есімді азамат Нұрсұлтан Назарбаевқа би дайындаған "Азарт" ансамблінің жетекшісі болып табылады.
"Біз мұнда Елбасыға рахмет айту үшін келдік. Ол біз үшін мәдениет үйлерін, спорт кешендерін салып жатыр. Біз оған бейбіт күніміз бен халқымыздың бірлігі үшін, барлық көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтамыз.
Мен туған тілім - түрік тілінен басқа төрт тіл білемін. Соның ішінде қазақ тілін өте жақсы меңгергенмін. Қазақстанда тұрып, қазақ тілін білуге міндеттіміз. Біз Елбасыға лезгинка биін дайындадық", -дейді Мұрат Сұлиев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1786498-nrsltan-nazarbaev-samalganda-zerlesterimen-kezdesti-foto/