Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы биыл 9 маусымда өтетін болды
Опубликовано:
2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтетін болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Қазақстан халқына үндеу жолдаған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
"Қымбатты Отандастар!
Бүгін елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап отырмын.
Еліміздің Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусымында өткізу туралы шешім қабылдадым", - деді президент.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1787807-kazakstanda-kezekten-tys-prezident-sajlauy-biyl-9-mausymda-tetin-boldy/