Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әкімнің телефоны өшірулі": Президент тапсырмасы орындалып жатыр ма?

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев наурыз айында әкімдермен жиын өткізіп, оларға халықпен кері байланыс орнатуды тапсырған болатын. Нәтижесінде, Нұр-Сұлтан әкімі Бақыт Сұлтанов аудандық деңгейдегі басшылардың жеке телефон нөмірлерін жария етті. Алайда, арада екі ай өткенде кейбір басшыларға хабарласу мүмкін болмай отыр деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасының жаңалықтар қызметі.

Фото: pinterest.com
Фото: pinterest.com: Instagram

Мемлекет басшысы қызметіне кіріскеннен кейін әкімдерге халықпен кері байланыс орнатып, әлеуметтік желінің әлеуетін пайдалану талаптарын қойды.

Тоқаевтың қатысуымен өткен өңірлік басшылар жиынынан соң, олардың барлығы бірінен соң бірі желіге тіркеле бастады.

Телеарнаның мәлімдеуінше, елорда әкімдігі тіпті тапсырманы орындауда барлығынан асып түскен. 

Бақыт Сұлтановтың бастамасымен қалаға қарасты аудан әкімдері мен басқарма басшылары түгел жеке телефондарын жариялаған. 

Алайда бұл "игі іс" ұзаққа бармады. Жария етілген нөмірлер бойынша хабарласып көрген телеарна тілшісі әкімдермен байланысу мүмкін емес екенін айтады.

"Қазір әкімдермен байланысу қиын. Мысалы, Есіл ауданының әкімі Қайрат Закарияновтың телефоны күні бойы өшірулі. Алматы ауданының әкімі Әділбек Сәрсембаев телефон тұтқасын көтермеді. Whats Аpp желісіне таңертең жазған жазбамызға да кешке дейін жауап бермеді.
Байқоңыр ауданының әкімі Асқар Есілов орыс тілінде қысқа жауап берді. Алайда, ол қайта хабарласам деп, сол күйі хабарсыз кетті. Әкімдердің ішінде тек Сарыарқа ауданының әкімімен байланысудың сәті түсті" , - дейді тілші.

Оған қоса, телеарна тілшісі халық көп хабарласып жүгінетін басқарма төрағаларына да қоңырау шалған.

"Халық көп хабарласатын басқарма басшыларына да қоңырау шалдық. Тұрғын үй сертификаты, пәтер кезегі, "7-20-25" бағдарламасына жауапты басқарма басшысының телефоны өшірулі. Тек білім басқармасының басшысы байланыста екен", - дейді телеарна тілшісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1795503-kimni-telefony-siruli-prezident-tapsyrmasy-oryndalyp-zatyr-ma/

pixel