Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевпен қалай танысқанын айтып берді
Жарияланған күні:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Россия 24" телеарнасындағы сұхбатында Нұрсұлтан Назарбаевпен қалай танысқанын айтып берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қасым-Жомарт Тоқаев ол кезде Бейжіңде ҚХР Совет одағының елшілігінде жұмыс істеп жүрген.
"Нұрсұлтан Назарбаевпен 1985 жылы қыркүйек айында таныстым. Назарбаев Бейжіңге Жоғарғы Кеңестің делегациясын бастап келді. Бұл - екі мемлекеттің ара-қатынасы реттелген Горбачев сапарынан 4 жыл бұрын болған оқиға. Яғни, Н. Назарбаев 1985 жылы-ақ ҚХР төрағасынан бастап, барлық лауазымды тұлғаларымен кездесіп, екі мемлекеттің ымыраласуына үлес қосты. Сол сәтте Назарбаев менен "Қазақсың ба?" деп сұрады. "Әрине, қазақпын" деп жауап бердім. Есінде сақтап қалса керек. Кейін 1992 жылы Совет одағы ыдыраған соң Мәскеудегі Қазақстанның тұрақты өкілдігінде кездейсоқ кездестік. Сонда ол маған танымал өлең жолдарымен "Шинеліңді алып үйге қайт" деді. Осыдан таныстығымыз басталды", - деді Қ. Тоқаев.
Президент Елбасы сабақтастығының қалатынын, бірақ ел басқару стильдерінің ұқсамайтынын атап өтті.
"Әр адам - индивидиум. Нұрсұлтан Әбішұлының қайталанбас стилін көшіріп алу ойымда жоқ. Ол - мемлекетіміздің негізін қалаушы, Еуразиялық интеграцияны құрған. Сондықтан, оның бағытына сабақтастықты қамтамасыз етемін деп мәлімдедім. Бұл ең алдымен Қазақстан үшін қажет. Бізге түбегейлі, астаң-кестең өзгеріс қажет емес. Совет одағының тарихынан да белгілі, әр басшы келген сайын өзіне дейінгіні ұмыттырып, жаңа саясатқа көшті. Бұл қоғамға үлкен жік салды, тіпті Совет одағы секілді алпауыт мемлекет ыдырады. Мен табиғатымнан айғайшыл емеспін. Менің жиналыстарым тыныш өтеді, ең өзекті мәселені талқылау 40 минуттан аспайды. Әдеттегі жиналыстар 10-15 минуттың айналасында. Қытайды көп зерттегендіктен, Лао-Цзының нақыл сөзін ұстанамын: ең жұмсақ күш ең қаттының өзін еңсереді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1797533-kasym-zomart-tokaev-nrsltan-nazarbaevpen-kalaj-tanyskanyn-ajtyp-berdi/