Президент Ермекбаевқа сөгіс жариялауға қатысты бұйрыққа қол қойды
Опубликовано:
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевқа қатаң сөгіс жариялауға қатысты бұйрыққа қол қойды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы премьер-министрінің ұсынымы негізінде өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылауды әлсіреткені, соның салдарынан Арыс қаласында әскери бөлімшедегі қару-жарақтың жарылуына жол берілгені үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Байұзақұлы Ермекбаевқа қатаң сөгіс жарияланды" , - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Тоқаев қорғаныс министріне қатаң сөгіс жариялағаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1804791-prezident-ermekbaevka-sgis-zarialauga-katysty-bjrykka-kol-kojdy/