Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Путин "Бәйтеректі" Назарбаевтың құрметіне өзгертуді ұсынды

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Назарбаев іс-сапармен Мәскеуде болып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. ВДНХ-да серуендеу кезінде ресейлік көшбасшы екі ел салып жатқан "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін Қазақстанның тұңғыш Президентінің құрметіне атауды ұсынды деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Мұнда Роскосмостың басшысы Дмитрий Рогозин және Қазақстанның цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев қатысты. Олар Назарбаев пен Путинге кешенді құру үдерісі туралы айтып берді.

Ресей президенті салынып жатқан нысанның неліктен осылай аталатынын сұрады. Бұған Назарбаев "Бәйтерек" сөзі "өмір ағашы" деген мағынаны білдіретінін айтып, содан кейін осыған байланысты ұлттық аңызбен бөлісті.

""Нұрсұлтан" деп атайық. Бұл жобаны сіз жасадыңыз ғой", - деп ұсынды Ресей басшысы.

Бірақ Қазақстанның тұңғыш президенті өз нұсқасын ұсынды.

"Нұрсұлтан" - жоқ. Басқаша атаңыз. "Назарбаев" деп атаңыз", - деді Елбасы.
"Жақсы, келістік", - деді Путин.

Өз кезегінде Дмитрий Медведев "мұндай атаумен жобаны сапалы жүзеге асыру керек" деген пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1815124-putin-bjterekti-nazarbaevty-krmetine-zgertudi-syndy/