Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық БАҚ Қазақстандағы ең бай әйелдің есімін атады

Жарияланған күні:

Америкалық БАҚ Қазақстандағы ең бай әйел ретінде Динара Құлыбаеваның есімін атады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Bloomberg сайтында Шығыс Еуропа елдерінде коммунисік жүйе құлаған соң алғашқы миллиардерлердің қалай пайда болғанын баяндайтын мақала жарық көрген.

Аймақтағы ең бай адамдардың тең жартысы коммунистік режимдердің құлдырауы кезінде билікке жақын топтар мен жекешелендіруден пайда көрген топтардан шыққан.

Мақалада Чехия (Петр Келлнер), Польша (Зигмунт Солорц), Словакия (Иван Чренко), Хорватия (Ивица Тодорич), Венгрия (Лоринк Месарош), Ресей (Владимир Потанин, Андрей Мельниченко, Аркадий Ротенберг, Олег Дерипаска) және Қазақстан (Динара және Тимур Құлыбаевтар) миллиардерлерінің өмірбаяндары жазылған.

Bloomberg журналистері қазақстандық отбасылық жұптың байлығы 5 млрд долларға тең деп жазып, Динара Құлыбаеваның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ортаншы қызы екенін атап өткен.

"Отбасы бизнесте де жетістікке жетті: Динара елдегі ең бай әйел саналады. Ол және оның күйеуі Тимур қаржы мекемелерін, соның ішінде Қазақстанның ірі банкін, ауылшаруашылық өнімі және мұнай сауда кәсіпорындарын, сондай-ақ отаны мен Дубайда жылжымайтын мүлік саласындағы жобаларды басқарады", - делінген мақалада.

Сонымен бірге мақалада америкалық дипломаттардың Динараның жолдасын "жинақы миллиардер" деп атағаны және оның мықты келіссөзші ретінде беделі бары айтылған.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстанда ең көп табыс табатындар қай қалада тұратыны белгілі болған. Тізімің басында Алматы қаласы тұр.

Алматы тұрғындары айына орта есеппен 234,9мың теңге алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1834977-amerikalyk-bak-kazakstandagy-e-baj-jeldi-esimin-atady/