Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте 42 мыңға жуық азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды

Жарияланған күні:

Жалпыға ортақ еңбек қоғамын құру үшін мемлекет пен адамдардың күш біріктіруі аса маңызды. Оны іс жүзінде тиімді жүзеге асыру мақсатында «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама аясында кәсіппен айналысқысы келетін жастарға арналған "Жас кәсіпкер".

Шымкентте 41768 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігінің: Facebook

Жобасы қолға алынды. Жобаға 18 бен 29 жас аралығындағы кез келген жұмыссыз адам қатыса алады. Өтініш берген жастар арнайы тестіден өтсе ғана, 15 күн кәсіпкерлік негіздерін оқыды.

Тренингіге қатысушыларға стипендия да тағайындалған – 19 273 теңге. “Жас кәсіпкер” жобасына үш жылға дейін бизнеспен айналысқан адамның да қатысуына мүмкіндік болды. Ал осы бағдарлама аясында өткен жылы Шымкентте бірқатар жұмыстар атқарылып, 41768 адам жабаның шарапатын көрді. Жұмыссыздар тұрақты еңбекпен қамтылып,кәсіпкер атанған жастарда бар.

Мәселен, бағдарлама ТӨРТ бағыттан тұрады. Бірінші бағыты. 2019 жылы 2000 адамды техникалық және кәсіптік оқыту жоспарланған. Нәтижесінде 1500-ге тарта адам жолданды.

Екінші бағыты. 83 азаматқа шағын несие алу үшін жолдама берілді. "Бастау бизнеспен" 2955 азамат оқытылып, куәліктері табысталды. 3478 азамат 505 мың тг.мемлекеттік грантқа ие болды.

Үшінші бағыты. 41768 азамат әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде 28339 жұмыссыз азаматтар тұрақты, уақытша және жаңа жұмыс орындарына жолданды.

Әлеуметтік жұмыс орындарына - 484, жастар тәжірибесіне 3503, қоғамдық жұмыстарға - 2252 азамат жолданды.

Төртінші бағыт. "Жас кәсіпкер" жобасымен 1407 азамат оқытылып, «Жас кәсіпкер» куәлігін иеленді.

Азаматтарды жұмыспен қату барысындағы жұмыстар биылда жалғасын табады.Шымкентте бүгінгі таңда ауылшаруашылық өнімдерін терең өңдейтін «Агроиндустриалды аймақ» ашу жұмыстары қарқын алды. Аймақтың аумағы 136 га құрайды.

Ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдейтін аймақта құны 109 млрд.теңгені құрайтын 20 жоба жүзеге асырылады деп жоспарлануда. 1 мыңнан астам азаматқа тұрақты жұмыс орындары ашылады деп күтілуде. Ал маусымдық мезгілде 3 мың адам жұмыспен қамтылады.

Бұдан өзге 2020 жылы құны 1,5 млрд.теңгені құрайтын аумағы 152 га жерге қарқынды алма бағы отырғызылады деп күтілуде. Және құны 7 млрд.теңгеге 30 га жерге өндірістік жылыжай салынады. Бұл жерлерде де жаңа жұмыс орындары ашылады деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1836280-symkentte-42-myga-zuyk-azamat-leumettik-koldau-saralarymen-kamtyldy/