Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімі Көлгіновке ескерту жасады
Жарияланған күні:
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов есеп берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Мемлекет басшысы қала әкімінің жұмысын бағалап, оның үнемі астаналықтарға қолдау көрсететінін, оларға мемлекеттік саясатты түсіндіріп, халықтың сұранысын қанағаттандыратын мүмкіндіктер туралы айтатынын жеткізді.
"Бірақ, бүгінде астана мен әсіресе, қала шетіндегі аудандарды әлеуметтік, тұрғын үй және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету мәселесі өткір тұр. Әрдайым қаланы абаттандырумен айналысу керек – сіз аудан әкімдерінің жұмысына бағыт беруіңіз керек. Соның ішінде, орынбасарларыңыздың біріне – егер лайықты маман жетіспей жатса, бұл қызметке кімді алуға болатынын үкіметпен кеңесіңіз. Себебі, қалаға келіп жатқан адамдар, қазақстандықтар болсын, шетелдіктер болсын, барлығы әлдебір жайсыздыққа көңіл аударып жатады.
Мен бұның климаттық жағдаймен байланысты екенін түсінемін, дегенмен, қаланы абаттандырумен үнемі айналысу керек. Бұл – біздің мемлекетіміздің айнасы. Бұл менің ескертуім – назарға алыңыз", – деді Тоқаев.
Өз кезегінде қала әкімі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
"Қоғамдық кеңістікті абаттандыру және дамыту мәселесін жақсарту бойынша жүйелі шаралар қабылдауды тапсырдыңыз. Осы мақсатта қоғамдық кеңістіктерді дамыту бағдарламасы әзірленді.
Ол "Халықтық қатысу бюджеті" бағдарламасы шеңберінде азаматтарымыздың белсенді қатысуы арқылы жүзеге асырылады. Өткен жылы шамамен 160 аула абаттандырылды. Биыл да сондай көрсеткішті орындау жоспарлануда. Сіздің тапсырмаңызбен қала көшелерін, ғимараттар мен құрылыс нысандарын безендірудің біріңғай дизайн коды бекітілді", – деді Көлгінов.
Айта кетейік, бүгін үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы 2020 жылға жоспарланған бірқатар негізгі міндеттерді атап өтті.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1837671-kasym-zomart-tokaev-elorda-kimi-klginovke-eskertu-zasady/