Коронавирус инфекциясы: Алматыда өңірлік штабтың отырысы өтті
Жарияланған күні:
Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың шешімімен Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров төрағалық ететін коронавирус инфекциясын таратуды ескерту бойынша өңірлік штаб құрылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ оңтүстік астана әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Штаб ел үкіметінің шешімдерін орындау және Алматыда коронавирус инфекциясын таратуға жол бермеу бойынша ұлттық жоспарды жүзеге асыру үшін құрылды. Штаб денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың және Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің іс-қимылды жалпы үйлестіруі бойынша жұмыс жасайды.
Өңірлік штабтың алғашқы отырысы барысында Алматы қаласында санитарлық-эпидемологиялық және профилактикалық шараларды күшейтудің шаралары туралы мәселелер қаралды.
Бүгінгі күні қалалық ведомствоаралық жоспар әзірленді. Еліміздің тұрғыны көп мегаполисінің аумағына коронавирус инфекциясының енуіне және тарауына жол бермеу мақсатында туристік және миграциялық лек барлық бағытттар бойынша бақылауға алынған. Вирус тараған елдерден келгендер халықаралық әуежай мен теміржол вокзалдарында міндетті түрде термометриядан өтеді. Ол үшін жылувизорлары мен портативті индикаторлар қолданылады.
Бұлардан өзге, Алматы қаласы бетперделермен, дәрілік препараттармен, шприцтермен және басқаларымен жеткілікті қамтамасыз етілген. Медициналық заттардың қажетті резерві бар. Жалпы, қаладағы жағдай тұрақты және үнемі қатаң бақылауда.
Отырыстың қорытындысы бойынша штаб төрағасы Ержан Бабақұмаров өткізу пункттерінде бақылауды күшейту бойынша бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді. Мемлекеттік органдарға коронавирус инфекциясының енуіне және тарауына жол бермеу шараларының rешенді жоспарын орындауды және мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету тапсырылды.
Дәрілер мен медициналық заттарды, оның ішінде медициналық бетперделерді өткізуде бағалық келісімдерге жол бермеудің барлық шараларын қабылдау бойынша жеке тапсырма берілді.
Өңірлік штабтың отырысы аптасына бір рет және қажет болған жағдайда өтетін болады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1838387-koronavirus-infekciasy-almatyda-irlik-stabty-otyrysy-tti/