Қоластындағы қызметкері пара алды деп күдіктелген Көлгінов отставкаға кете ме
Жарияланған күні:
Алтай Көлгіновтың халықпен өткен бүгінгі кездесуінде әкімге түрлі сауалдар қойылды. Микрофонға жақындаған журналист өңір әкімі Асқар Есіловтың пара алғандығы туралы хабарламадан кейін елорда әкімі оставкаға кетуді жоспарлап жүрген жоқ па деген сауал қойды деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Көлгінов бұл сауалға мысқылдап: "Мені осыншалық жақсы көретіндеріңіз үшін рақмет", - деп жауап берді.
Кейінірек ол өзінің лауазымы мен қызметіне байланысты алдағы барлық іс-әрекеттердің заң аясында шешілетінін нақтылап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, жуырда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет елордадағы Байқоңыр ауданының басшысы пара алды деп күдіктеліп жатқанын хабарлаған еді.
Ведомствоның мәліметінше, ол пара ретінде соңғы үлідегі iРhone ұялы телефонын алды деген күдіктелуде.
Кейінірек жалған актілер туралы да белгілі болды. Шенеунік оларға қол қойған деген күдікке ілінген.
Есілов ұсталған жоқ, себебі ол бар кәнісін мойындап, өкінетінін білдірген.
Сондай -ақ, БАҚ-та бұрын аудан басшысының басқа пара алғаны туралы ақпарат пайда болды. Мәлімет бойынша, пара 4 млн теңгені құраған. Алайда, бұл деректер расталмады.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1840627-kolastyndagy-kyzmetkeri-para-aldy-dep-kdiktelgen-klginov-otstavkaga-kete-me/