Қазақстан президенті Мәсімовке арнайы атақ берді
Жарияланған күні:
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныптарын беру туралы" жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақорда сайтында жарияланған құжатқа сәйкес, 24 адам түрлі атаққа ие болды.
генерал-лейтенант әскери атағы:
Бектанов Мұрат Кәрібайұлына,
Дәндібаев Тимур Тұрарұлына,
Ділманов Дархан Айтқалиұлына,
Ермекбаев Нұрлан Байұзақұлына,
Қамалетдинов Сұлтан Бүркітбайұлына;
әділет генерал-лейтенанты әскери атағы
Сартаев Дастан Шаймерденұлына;
ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты арнаулы атағы
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлына;
2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені
Асылов Берік Ноғайұлына;
генерал-майор әскери атағы:
Жазин Серік Кенжетайұлына,
Жоламанов Асқар Ахметұлына,
Жүсіпов Асан Қуанышұлына,
Ильин Юрий Викторовичке;
ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы:
Әмірханов Асқар Баймерденұлына,
Қадырбеков Жанқозы Зекенұлына,
Манжуов Нұрғанат Нұрбапаұлына;
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы
Сағымбаев Ермек Алдабергенұлына;
полиция генерал-майоры арнаулы атағы:
Жұмаханбетов Ералы Мұсалиұлына,
Калайчиди Алексей Дмитриевичке,
Сәденов Ержан Сапарбекұлына,
Таймерденов Қанат Даниярұлына;
3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені:
Мырзакеров Бауыржан Қыпшақұлына,
Сүлейменов Тимур Қайырбекұлына;
3-санатты жоғары біліктілік сыныбы:
Бектенов Олжас Абайұлына,
Қабдула Шыңғыс Қайыпұлына
берілсін.
Еске сала кетсек, осыған дейін мемлекет басшысы жағдай күрделеніп кетпесе елімізде төтенше жағдай режимі он бірінші мамырда аяқталатынын жеткізді.
Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1854580-tokaev-msimovke-arnajy-atak-berdi/