Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары тергеу изоляторына қамалды

Жарияланған күні:

Фото
Фото: Ақ жайық

Бірер күн бұрын Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаевтың және облыстық құрылыс басқармасының басшысы Тимур Басаровтың екі айға қамауға алынғаны хабарланды деп жазады KAZ.NUR.KZ Ақ Жайық басылымына сілтеме жасап.

Басылымның ақпаратынша, екі шенеунікте тергеу изоляторына қамалған. Іс "Қылмыстық топ болып аса ірі көлемдегі пара алу" бабы бойынша тергеліп жатыр.

Бұл бап бойынша айыппұл немесе 15 жылға бас бостандығынан айыру, сондай-ақ мүлкін тәркілеу жазалары қолданылуы мүмкін.

Естеріңізге сала кетсек, 10 қыркүйек күні Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев пен облыстық құрылыс басқармасының бастығы Тимур Басаровтың 182 миллион теңге пара алды деген күдікпен қамауға алынғанын жазған едік.

Айта кетсек, Нұрлан Таубаевтың адвокаты Игорь Вранчев оның ұсталуына байланысты әлеуметтік желісіндегі парақшасында түсініктеме берген еді.

Расында, 10 қыркүйекте сағат 15.10-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері оның (Таубаевтың - ред.) үйіне келіп, әлдебір жағдайларды анықтау үшін өздерімен бірге бір сағатқа ведомствоның қызмет ғимаратына бару керектігін айтқан. Оны жеткізгеннен кейін оған қамауға алынатындығы туралы хабарлайды, бірақ не үшін, қандай іс бойынша екені айтылмаған", - деді Игорь Вранчев Facebook-те.

Қорғаушының сөзінше, тергеуші Кукатов оның неге күдікті болғаны және қамауға алудың мән-жайы туралы сұрағына жауап бере алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1874155-bak-atyrau-oblysy-kimini-birinsi-orynbasary-tergeu-izolatoryna-kamaldy/