Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алмазбек Атамбаев ұсталды

Жарияланған күні:

Алмазбек Атамбаев1
Фото: instagram.com/almazbek_atambaev_official

Қырғызстанның мемлекеттік Ұлттық қауіпсіздік комитеті елдің бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаевтың ұсталғанын хабарлады. Сонымен қатар оның бұрынғы оққағарлары да тұтқындалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап.

Агенттіктің жазуынша, саясаткер Бішкектегі жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында тұтқындалған.

Экс-президентпен бірге оның жақтастары, бұрынғы оққағарлары Дамир Мусакеев пен Қанат Сағынбаев та ұсталған. МҰҚК олардың сыбайластарын ұстау бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабардар етті.

Айта кетейік, агенттік бұған дейін Telegram-арнасында Атамбаевты тұтқындау үшін арнайы жасақ оның үйіне келгенін, бұл туралы жақтастары хабардар еткен жазған еді.

Басылым сонымен қатар желіде экс-прзиденттің жұбайы Раиса Атамбаеваның және ұлдары Қадыр мен Сейттің ұсталған сәтінен фото тарағанын жазды.

Алайда МҰҚК бұл ақпаратты жоққа шығарды. Олар 6 қазан күнгі оқиғалар кезінде заңсыз босатылған тұлғалардың ұсталғанын нақтылады.

Еске сала кетейік, Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 6 қазан күні түнде Бішкектегі митинг кезінде МҰҚК-дегі тергеу изоляторынан босатылған еді.

Экс-президент биылғы жылдың маусымында криминалды беделді тұлға Азиз Батукаевтың заңсыз босатылғаны туралы іс бойынша айыпталып, 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ол сонымен қатар Қой-Таштағы оқиға бойынша істің фигуранты болып табылады.

Айта кетейік, Атамбаев 6 қазанда босап шықаннан кейін, 9 қазанда жақтастарының алдында сөз сөйлеп, өзіне билік қажет емес екенін айтқан болатын.

Кейін ол отырған көлікке шабуыл жасалғаны хабарланды. Экс-президенттің сөзінше, өзіне қастандық жасалатынын бір күн бұрын білген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878924-almazbek-atambaev-staldy/