Қазақстан мен Ресей: әскери ынтымақтастықтың жаңа бағыттары
Жарияланған күні:
Қазақстан мен Ресей қорғаныс ведомство басшыларының кездесуінде қорғаныс ауқымындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты бұдан әрі дамыту даярлығы бекітілді.
Бүгін Нұр-Сұлтанда Қазақстанның Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев елімізге келген ресми сапары барысында ресейлік әріптесі Сергей Шойгумен кездесті.
Құрылымдық диалог барысында олар өңірлік қауіпсіздікті қолдау және қамтамасыз ету жөнінде пікір алмасты.
Тараптар Қазақстан мен Ресейдің ағымдағы екіжақты әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық жағдайын талқылап, алдағы уақыттардағы анағұрлым өзекті бағыттарды айқындады.
Екі ел арасындағы қорғаныс ынтымақтастығы түрлі ауқымдағы жоғары деңгейдегі өзара іс-қимылмен сипатталатынын атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен қатынасы бауырлас елдер арасындағы көпжоспарлы стратегиялық ынтымақтастығының маңызды бағыттарының бірі болып табылады.
"Екіжақты нысандағы іс-шараларға ғана емес, сонымен қатар ҰҚШҰ, ШЫҰ, ТМД сияқты көпжақты ынтымақтастық аясындағы іс-шараларға да белсенді қатысып келеміз. Қорғаныс ведомстволары басшылары орынбасарларының деңгейінде құрылған қорғаныс кеңес беру институт құрылым ретінде қызмет көрсетіп, қол жеткізген сенімхаттарды іске асыруда түзетуге және басымдықтарын көрсетуге мүмкіндік береді", - деп ҚР Қорғаныс министрі атап өтті.
Қазақстан мен Ресей өңірлік қауіпсіздік мүддесінде олардың стратегиялық серіктестіктегі маңыздылығын қарастыра отырып, өзінің қорғаныс және әскери-техникалық ауқымдағы байланысын тұрақты түрде жетілдіреді.
Екіжақты ынтымақтастықтың басты элементі бірлескен жауынгерлік даярлық,әскери-техникалық ынтымақтастық және кадрлар даярлау мәселелері болып қалуда.
Биыл санитралық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты қазақстандық әскерилердің «АрХО-2020» конкурстарына толық қатысуға мүмкіндігі болмады, сонымен қатар, «Танк биатлоны» халықаралық сайыстың біріне сәтті қатысқаны белгілі. Сонда да қазақстандықтар тарапы алдағы халықаралық армия ойындарына қатысуға мүдделілік танытып, 2021 жылы ұйымдастырушы ел ретінде қатысуға дайын.
Қазақстан мен Ресей арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінің жоғары деңгейі байқалды, бұл қару-жарақ пен әскери техниканы қою бойынша бірлескен жобаларды толық жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өткен жылдары Қазақстанның Қарулы Күштері ресейден шыққан авиация техникаларын, ӘШҚҚ құралдарын, әскери-теңіз күштерінің жарақтарын, оқ-дәрілер мен запастардың айтарлықтай бірлігін сатып алды.
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі жоғары және жоғары білім алғаннан кейінгі бағдарламалары бойынша Ресейдің әскери оқу орындарында әскери кадрларды даярлауға қызығушылық танытуда, сондай-ақ Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің мамандандырылған оқу-жаттығу орталықтарының базасына мамандарды жіберуге бұдан әрі де мүдделі.
Жаңа оқу жылында ресейліктер тарапынан қазақстандық әскери қызметшілерді оқытуға 8 жыл ішінде барынша көп квота бөлінгенін атап өткен жөн.
Қазақстанның Қорғаныс министрі ресейлік әріптестерімен әңгіме барысында ресейлік әскери дәрігерлердің еңбегін ерекше атап өтті. Ағымдағы жылдың тамызында Ресейдің әскери дәрігерлерінен құралған 2 топ өздерінің қазақстандық әріптестеріне практикалық және методологиялық қолдау көрсетті, бұл ұлттық әскери медициналық қызметте COVID-19 вирусымен сырқаттанған пациенттерді емдеуде әлемдік озық тәжірибені екшеп, эпидемиологиялық шаралардың кең шеңберін зерделеуге мүмкіндік берді.
"Аса қажет болғанда Ресей Федерациясы тарапынан көрсетілген көмекті жоғары бағалаймыз. Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріне медициналық мүлікті жеткізуде және ағымдағы жылдың тамызында әскери медициналық бригадаларды жіберуде көрсетілген көмекке алғыс білдіремін", - деді Нұрлан Ермекбаев.
Қазақстан мен Ресей қорғаныс министрлерінің кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы жаңартылған шартқа қол қойылды.
Аталған шарт күшінен енген сәттен бастап, негізгі ережелері іске асырылған, 1994 жылғы осындай Әскери ынтымақтастық туралы бұрынғы шарт күшін жояды.
Өткен жылдары мемлекет аралық құжаттарда қарастырылғандай, Әскери ынтымақтастықтың жаңартылған шарт ережелеріне сәйкес кадрларды даярлау, қару-жарақ пен техниканы қою, бірлескен екіжақты және көп жақты оқу-жаттығуларға, әскерлерді жауынгерлік даярлық шараларына қатысу кең ауқымда жүзеге асырылады.
Жаңартылған шарт сондай ақ халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс қимыл, бітімгершілік қызмет, өңірлік қауіпсіздік қатерлеріне қарсы іс қимыл, мәдениет және спорт қызметтері енгізілген өзара іс қимылдың жаңа бағыттары мен нысандарымен толықтырылды.
Анықтама ретінде: Шарт ережелерін дамытуда үш жылдық кезеңге әскери ауқымдағы Стратегиялық серіктестік бағдарламасы әзірленеді. Ол серіктес мемлекеттер ұмтылатын бағыттарды анықтайды және бірлескен іс-шаралардың жылдық жоспарларын даярлауға негіз болып табылады.
Келіссөздер нәтижелері бойынша, сонымен қоса мынадай екіжақты құжаттарға: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі арасында Тамақтануды ұйымдастыру кезіндегі өзара есеп тәртібі және 2021 жылға арналған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты әскери ынтымақтастық жоспары туралы келісімдерге қол қойылды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880045-kazakstan-men-resej-skeri-yntymaktastykty-zaa-bagyttary/