"Әр қызметтің бағасы бар": Жапаров елдегі барлық жемқорлық сехамасын зерттеп шыққанын айтты
Жарияланған күні:
Қырғызстан президенті міндетін атқарушы Садыр Жапаров бәзбіреулердің ұлына хабарласып, мемлекеттік қызметке орналасу үшін ақша ұсынып жатқанын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ АКИpress сайтына сілтеме жасап.
Садыр Жапаров 19 қазанда Al Jazerra телеарнасына сұхбат берген. Премьер-министрдің айтуынша, 30 жыл бойы министрлікке, мемлекеттік қызметке орналасу үшін ақша төленген. Әрбір қызметтің өз бағасы бар.
"Олар осыған үйреніп қалған. Менің қызметке келгеніме 10 күн өткен жоқ. Алайда менің жақындарыма, мәселен менің ұлыма хабарласып, бір қызметке қою үшін 300 мың доллар, тағы бір қызмет үшін 350 мың доллар ұсынып жатыр. Біз бұл әрекеттердің алдын алып, ашық мемлекетке айналғымыз келеді. Көптеген адам қызметті қайтадан сатып алуға болады деп ойлайды. Енді ондай болмайды", - деді ол.
Жапаровтың сөзінше, ол осы уақыт ішінде барлық сыбайлас жемқорлық схемасын зерттеген. Схема кәсіпкерлермен және министрліктермен бірге бюджет қаржысын талан-таражға салған Ақ үйдегі шенеуніктерді көрсеткен.
"Мен бұл схемаларды толығымен білемін. Қазір мен министрліктердегі осы схемаларды жойып жатырмын. Бұл көп уақыт алмайды. Бір-екі айдан кейін нәтижесін көресіздер. Біз мұны сөзбен емес, іспен дәлелдейміз", - дейді Қырғыз премьері.
Еске сала кетсек, бұған дейін Садыр Жапаров өзінің не себепті қамаудан босатылып, Алмазбек Атамбаевтың қайта қамалғанын айтып берген еді.
Айта кетейік, Қырғызстан Жоғарғы соты Садыр Жапаров, Талант Мамытов, Қамшыбек Ташиевті ақтап шығарғанын жазған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1880595-r-kyzmetti-bagasy-bar-zaparov-eldegi-barlyk-zemkorlyk-sehamasyn-zerttep-sykkanyn-ajtty/