Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаев: Жамбыл облысында негізгі керек дәрілердің 1,5 айлық қоры бар

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев
Фото: 24.kz

"Exclusive" бағдарламасына сұхбат берген Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы коронавирустың екінші толқынына қаншалықты дайын екенін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Сапарбаевтың айтуынша, өңірде коронавирустың екінші толқынына дайындық қызу жүріп жатыр.

"Қазіргі таңда негізгі керек дәрілердің бізде 1,5 айлық қоры бар. Бірақ компаниялар бізге тағы да алып келулері керек. Тапсырма бойынша бізде ең кем дегенде екі айлық қор болуы керек... Біз 2530 төсек орнын дайындап, екі емхананы толығымен күрделі жөндеуден өткіздік... Министрліктен шамамен 230 мың вакцина алдырып, халықтың 20 пайызын тұмауға қарсы екпеден өткіздік", - дейді ол.

Сонымен қатар облыс басшысы COVID-19-дың екінші толқынына аймақтағы білім беру жүйесі қаншалықты дайын екендігін айтты.

"Біздің көптеген елдімекендерде байланыс жоқ. Байланыс жоқ болғаннан кейін интернет жұмыс істемейді. Қазіргі таңда біздің өңірде 442 мектеп бар. Соның елу пайызы бұрынғы дәстүрлі форматпен оқып жатыр. Меніңше, барлық санитарлық талаптарды сақтауға болады. Біз қазір әр отбасыға бір компьютер береміз. Жағдайдың қалай боларын көреміз, біздің мектептердің барлығы дайын" , - дейді Жамбыл облысының әкімі.

Айта кетейік, сұхбат барысында Бердібек Сапарбаев жас әкімдерге кеңес беріп, өзінің меншігінде не бар екенін айтқан еді.

Сонымен қатар әкімінің тараздық 13 жастағы жетім баланы өз қамқорлығына алғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882092-saparabaev-zambyl-oblysynda-negizgi-kerek-drilerdi-15-ajlyk-kory-bar/

pixel